21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құтты білік және хадис

Қазақ халқының діни өмірінде хадис пен сүннеттің атқарған рөлін анықтау үшін халықтың Ислам дінін қабылдаған кезінен бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі уақыт аралығын үш кезеңге бөлдік: 1) Қазақ хандығына дейінгі кезең (қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезең); 2) Қазақ хандығы тұсыңдағы кезең (XV ғасырдан бастап XX ғасырға дейінгі кезең); 3) Кеңес өкіметі кезеңі.

Қазақ дәстүрінде жүкті келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар, салт-ғұрыптар аз емес. Аяғы ауыр келінге көзі қарақты енелер ерекше күтім жасаған, үлгі-өнеге көрсеткен.

Бауыржан Момышұлы 1942 жылы «Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлар» деген жалпы тақырыпта жеке басынан өткен ауыртпалық пен қиыншылықтардың, жеке солдат пен тұтас жауынгерлік ұжымдардың  ұрыс қимылдарының қорытындыларын жинақтап жазуға әрекет жасаған.

Жас келіннің аяғы ауыр екені белгілі болған соң, оның абысын-ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде «құрсақ шашу» дейді) жасап, оның аман-сау аяқ-қолын бауырына алуына (яғни босануына) тілеу білдіріп шашу шашып, дастарқанды түрлі дәмге толтырып, сауық жасайды.

Сен де қонақкәде жасай отыр, деді маған «Ілияс» (С. Мұқанов). Үй иесінің қонағына қонақкәде айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. Қонақкәде – көңілді отырудың, үй иесінің, сонымен бірге қонақтың риясыз көңілін білдірудің бір белгісі.

Көңіл шай. Адам өмірінде қуанышты да, ренішті де жайлар бола береді. Қуанышты жағдайда көңіл білдіріп, құтты болсын айту бар.

Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелден есептеледі. Халық даналығында осы қағида шын мәнінде тапқырлық санақ есебі екенін әркімдер, тіпті ғылымның өзі де мойындайды. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе.

Қамшы – қазақ тұрмысы мен мәдениетіне бірнеше қызмет атқаратын қасиетті зат, құрал есебінде саналған. Мысалы, халқымыздың ұғымы мен әдетіне қамшы тастау (яғни, сөз сұрау), қамшы жұмсады (яғни, сабады, күш көрсетті), қамшы болды (яғни, әсер етті, себеп болды(жақсы мағынада) деген сөздер жиі кездеседі.

Дүниеге жаңа келген жас сәбидің өмірге деген құштарлығын, айналасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын алғашқы қадам – ол ана жүрегін жарып шыққан «Бесік жыры». Иә, өнегелі сөздермен өрнектелген бесік жыры сәбидің жан дүниесіне рухани азық беріп, имандылықтың ұрығын жүрегіне себеді. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз сәбиін әнмен жұбатқан, әнмен оятқан десек, сол бесік жыры ауыздан-ауызға тарап, әр баланы жөргегінен-ақ батыр да батыл болуға тәрбиелеген. «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деп бекер айтпаған данышпан Төле би бабамыз.