25
Жұма,
Қазан

һижри

«Ұят» сөзін қазақ қалай түсінген?

Хәкім Абай осы Ұят мәселесіне «Отыз алтыншы сөзінде» терең талдау жасаған. Ол ұяттың тікелей иманмен байланыстылығын паш етіп: «Пайғамбарымыз салалаһу һалайһи уәселәмнің хадис шарифінде айтыпты: «Мән лә хаяһун уә лә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген» деп сөзді хадистен бастайды.

Қазақ батаны кімнен сұраған?

Қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бата беру дәстүрі етене сіңісіп кеткен. «Бата беру», «бата алу», «бата сұрау» салты кез келген игі істің бастамасы болған. «Жақсы сөз – жарым ырыс» екеніне сенген халық батаны әрбір жақсылықтың бастауы деп білген. Оны халқымыздың «Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді» деген өмірлік тәжірибесінен көруге болады.

Ата-бабасымен, тегімен мақтану – күнәға апаратын іс

Қазірде ешқандай ғылыми, тарихи дәлелі болмаса да, ата-бабасының батыр, ұлы тұлға болғандығын айтып мақтанатын жандардың қарасы көбейді.

Даналық туа біте ме, әлде жүре қалыптаса ма?

Даналық туа біткен қасиет пе, жоқ әлде білім алу, іздену, өзін дамыту арқылы қалыптаса ма? – деген сұрақтың қойылуы заңды.

Теріс бата беруге бола ма?

Қазақ халқы үлкеннен алған батаның құндылығына көп көңіл бөлген. Жолға шыққанда, жауға шапқанда, кез келген бастама алдында ақсақалдан бата алып кететін.

Мұсылмандардағы және еврейлердегі сүндет

Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыда бір бөлігі сүндетке отырады екен. Соңғы статистика бойынша, әсіресе, солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың 90 пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,3 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған.

Қалыңмал: өлшемі мен түрлері

Қалыңмал деп ұзатылар қыздың жасауына кіретін төсек-орын, кілем, текемет, сырмақ, әшекей бұйымдар –  алқа,  сақина,  сырға,  білезік,  өңіржиек,  балдақ, қобдишасына қояр – иіссу, тарақ, ине жіп, жуалдыз, оймақ,  сандығына  салар  –  сәукеле,  салы,  орамал, қарқара, бүрмелі көйлек, етік, кемер, камзол, желбегей, шапан, камшат бөрік т.б әйелге қажетті заттарды дайындау үшін берілетін төрт түлік мал мен әртүрлі бағалы дүниелерді айтамыз.

Дәстүр даналығы: Әл үстіндегі адамға талқин айту

Қазақ халқының ішінде дүниемен қош айтысып, жер қойнына тапсырылған жанға «талқин оқу» деп аталатын ғұрып кездеседі. Мұны кей жерледе «талқы оқу» деп те атайды. Талқин сөзі араб тілінде «кез келген бір ойды басқа біреуге үйрету, жаттату» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатта мәйіт қабірге қойылып Құран оқып болған жұрт тарқаған соң, бірнеше кісі қабірдің басында иман негіздерін дауыстап біраз уақыт бойы айтып тұруын талқин деп атайды.