Қазіргі таңда кейбір «діндарлар» арасында «келіннің иіліп сәлем салуы ширк немесе ол харам» деген секілді пікірлер тарап, көптеген дау-дамайдың туындауына себеп болуда. Осының салдарынан дінді сырттан оқып келген, кейбірінің ұлты да бөлек білгіш сымақтардан үйреніп жүрген жастарымыз қазақтың салт-дәстүрлеріне үрке қарап «Дәстүрді діннен жоғары қоймайық, шынында да ертең ақыретте сәлем салу серік қосу болып қалса не істейсіңдер?» деген секілді білімсіз, ешбір дәлелге сүйенбеген пікірлерді алға тартып, діннің қамын жеп жүргендей алаңдаушылық білдіруде.