
Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?
Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?
Ер баланы сүндетке отырғызу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Бұл жөнінде хадисте: Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды», - деген. (Әл-Муджам ас Сағир ат-Табарони). Әбу Һұрайра (р.а.) жеткізген хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ алуды атаған.