
Қазақ мақал-мәтелдеріндегі ерлер бейнесі
Қазақ мақал-мәтелдеріндегі ерлер бейнесі
Ғасырлар бойы халқымыздың көкейінде жатталып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» айналған мақал-мәтелдердің әдебиетіміздегі алар орны айрықша. Мақал-мәтелдер - халықтың ұғым-түсінігінің айнасы. Елдің тұрмыс-тіршілігінен бастау алып, уақыт сынынан өткен маржан сөздер.