11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жеті ата сақтау дәстүрі

Жеті ата сақтау дәстүрі

Дәстүр даналығы
Жарнама

Қасиетті  Құранның  «Ниса»  сүресінің  23-аятында  үйленуге  харам  етілген  әйелдер  туралы  ашық баяндалған.

Ислам  тарихында  екінші  халифа  Омар  ибн  Хаттаб  (р.а)  жақын  туысқандарына  үйленуді  әдетке айналдырған  Бәни  Сәйбтерге:  «Аурушаң  (кем-кетік туылу) болып, ұсақталып кеттіңдер. Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер»[1] деп әмір етуі жақын адамдар арасында шәһуат қалауының аз немесе әлсіз болатындығын білдірген. Бұл әлжуаз ұрпақтың дүниеге келуіне арқау болады.

Медицина  ғылымының  докторы  Ғиззуддин  Фараж:  «Жақын  туысқандардың  арасындағы  некелесу  –  сол  отбасындағы  тұқым  қуалайтын  ауру  және жаман  қасиеттердің  өмірге  келген  баланың  бойында арта түсуіне себеп болады. Ал жат кісілер арасындағы некелесу  –  бұл  тұқым  қуалайтын  ауру  немесе  жаман  қасиеттерді  азайтады»[2] деген.  Демек,  қазақ халқындағы араға жеті ата салып қыз беріп, қыз алысуын да төмендегі екі мақсат көзделген болуы мүмкін:

  1. Ұрпақтың аурушаң болып, ұсақталып кетпеуі;
  2. Араға жеті  ата  салып,  алыстап  бара  жатқан туысқандықты қайта жаңғырту.

(«Дін мен дәстүр» кітабынан)


[1] Әл-Мүғни  ғән  хамлил  әсфар  фи  тәхрижи  мә  фил  ихяи минәл әхбар лил Хафиз әл-Ғирақи әл-мадбуғ ғәлә һамиши ғұлумуддин лил Ғаззали, Даүр ибн Һайсам, 1-том, 473-бет. Китәбү әдәбен никах.

[2] Махмуд  Абдулхамид  әл-Ахмад,  Дирасатүн  фис  сақафатил исламия уәл фикрил мүғасир, Дәрүл фикр, Димашық. – 2004., 384 бет. 127-бетте.

Бөлісу: