22
Жұма,
Қараша

һижри

Ағылшындар арасында бірінші болып шариғат шәлісін жамылған әйел

Ағылшындар арасында бірінші болып шариғат шәлісін жамылған әйел

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Ислам дінін мұсылман болуға ниетті екенін дауыстап айту арқылы оп-оңай қабылдауға болғанымен, мұсылмандыққа лайықты өмір сүру әлдеқайда қиын. Бүкіл адамзат баласына жіберілген ең соңғы Алланың хақ дінін қабылдап, Жаратушының жалғыз екеніне сенім білдірген танымал тұлғалар әлемде аз емес. Солардың ең алғашқыларының бірі, ағылшындар арасында асыл дініміздің қадір-қасиетін алғаш ұғынып, Исламға бет бұрған ағылшын ақсүйегі – (Зайнаб) Эвелин Кобболд.

Леди Эвелин Кобболд (Evelyn Cobbold) – ағылшын ақсүйектер отбасынан шыққан графтың қызы (1867-1963). Өз заманында ислам дінін ағылшын әйелдері арасында бірінші болып қабылдап, шариғат шәлісін жамылған әйел.

news image 11770       

       211936 01

1867 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Чарльз Адольфус өз заманының танымал саяхатшысы болған. Әлемнің бірнеше елін аралаған, кей сапарларына қызы Эвелинді де ертіп апарған. Анасы үй шаруасындағы әйел болса да үнемі рухани ізденіс үстінде жүретін рухани бай адам. Эвелиннің ислам әлеміне деген қызығушылығы балалық шағынан басталған. Әкесінің Каир қаласында вилласы болған. Отбасымен бірге қыс айларын сол жерде өткізген. Эвелин араб тілін сол жерде жүріп үйренген екен. Достарымен мешітке жиі барып тұрған. Эвелин мұның барлығын 1934 жылы жарыққа шығарған «Меккеге сапар» кітабында баяндап береді. Кітабының алғашқы бетіне: «Ислам діні мені қай кезде, қай уақытта баурап алғанын нақты білмеймін. Мен туылғаннан мұсылман болған сияқтымын, ішімде сондай әсер сайрап жатыр» деп жазды.  

Меккедегі сапары кезінде ол өз есіміне Зайнаб деген араб есімін қосып, өзгерту енгізеді. Зайнаб – араб тілінде «нұр», «жарық» деген мағынада қолданылатын есім.

tumblr n7cfomv9xq1rbctplo4 1280 2           

Ағылшын қоғамы Эвелинді өзге дінді қабылдағаны үшін айыптап, сыни пікірлер айтса да, кітаптары сұранысқа ие болды, оған деген құрмет саябырсымады. Ол өзінің өмірбаяндық кітабында Кобболд: «Менен неліктен мұсылмандыққа өткенім жөнінде жиі сұрайды. Ондайда мен Исламның шынайылығы баурап алғаны жөнінде айтамын. Мен өмірбақи мұсылман болған сияқтымын. Мен Құдайдың бір екеніне, ал Мұса, Иса, Мұхаммедтердің (с.а.у.) Оның пайғамбарлары екеніне сенемін. Пайғамбарлар бізді жақсылыққа шақыру үшін жіберілді. Құдайдың алдында біздің күнәларымызға Мұхаммед те, Иса да араша түсе алмайды, барлығы үшін өзіміз жауап береміз. «Ислам» сөзі «Аллаға бойсұну» дегенді білдірсе, тағы бір мағынасы «бейбітшілік» деген ұғымда келеді. Мұсылман – Құдайдың бұйырғандарын орындап, мына әлемді бейбітшілік пен мейірімге толтырған жан. Ислам екі негізден тұрады: Құдайдың бір екендігі және адамдардың бауырластығы. Ал қажылықта алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Қасиетті жердегі мұсылмандардың арасында болу – адамға бұйыра бермейтін бақыт. Исламның бастау алған жеріне келу, адасқан адамзатты тура жолға шақырған Пайғамбардың мекенін көру, Мұхаммед пен алғашқы мұсылмандардың көрген қиыншылығын еске түсіру, тек бұл ғана емес, қажылық мұсылмандарды біріктіретін рәсім. Ол – түрлі-түрлі мұсылмандардың басын бір нүктеде қосады. Олар бір-бірімен пікір алмасады, тәжірибелерімен бөліседі. Мұнда ұлт та, теріңнің түсі де маңызды емес», - деп жазады.

tumblr oczuv017PI1ql5rivo1 540   

Зайнаб есімін иеленген Леди Эвелин Кобболд 1860 жылы 96 жасында қайтыс болады. Өлер алдында өз қабіріне «Аспан мен жердің жаратушысы – Алла» деп жазуды өсиет етіпті. Оның сүйегі өз өтінішімен туған жері Гленкарронға қойылды. Эвелинді жерлеу рәсімі өзі өмір сүрген екі әлемнің негізінде өтті. Қабірі басында шотландтық музыкант ұлттық қаралы муызканы ойнап тұрса, мұсылмандар Құран оқып тұрды. Шотландияның Вестер Росс зиратында жерленген оның қабір басындағы көктасына қасиетті Құрандағы  «Нұр» сүресінің аяттары жазылған.

материалды аударып, дайындаған: Салтанат Қожа,

ummet.kz сайтының журналисі

 

 

Бөлісу: