22
Жұма,
Қараша

һижри

«Сендер арлы болсаңдар, әйелдерің де арлы болады»

«Сендер арлы болсаңдар, әйелдерің де арлы болады»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Имам Ғазали хазреттері балай дейді:

«Ақылды тыңдамайтын, оған ең көп қарсы шығатын шахуат (ләззат, құмарлық) болып табылады. Адамдардың басқалардың айыптауы сияқты себептермен бұл шахуаттан ұзақтаулары пайдалы болса да, олар үлкен сауап ала алмайды. Бірақ, күнә жасау үшін барлық жағдайларға ие бола тұра, арада ешқандай тосқауыл болмай, тек Алла разылығы және Алладан қорққаны үшін шахуатының тұтқыны болмай, оған қарсы шықса, ең үлкен құндылықтарға жетеді. Бұл дәреже сыддықтар мен шәһидтер мәртебесі.» Хадис шәрифте былай делінген: «Ұяттылық, ар-намыстылық, тілге ие болу және ақыл – иманнан. Мұндай адамдардың ахирет қалауы көбейіп, дүние қалауы азаяды. Сараңдық, әдепсіздік, арсыздық – ұятсыздық пен екі жүзділіктен туындайды. Бұларда дүние қалауы көбейіп, ахирет қалауы азаяды.» (Бәйһақи)

Ер адамдар ар-намыссыз, (жүргіш) болса, жақындары да жаман жолға түсуі мүмкін. Пайғамбарымыз «Сендер арлы болсаңдар, әйелдерің де арлы болады» деген. (Табарани)

Хазреті Ибн Нәжжар білдірген «Зина еткен адам, дәл сол нәрсеге тап болады» деген мағынадағы хадис шәриф, ар-намыссыз болған адамның жақындары да ар-намыссыз болуы мүмкін екендігін көрсетуде. Арын сақтауға тырысқан адам бұны іске асырады. «Арлы болуды қалаған адамды Алла Тағала арлы етеді» деген хадис шәриф осыған дәлел. (Хаким)

Дін үкімдеріне қайшы істер, яғни күнәлар, дүниеде адам үшін масқара. Ал ақыретте азабы өте ауыр. «Мен өлмеймін» немесе «Тозақтың оты маған зиян келтірмейді» деген бар болса, қалаған жамандықтарын жасасын! Хадис шәрифте былай делінген: «Дүние үшін дүниеде қалатыныңдай еңбек ет! Ақырет үшін ол жақта мәңгі қалатыныңдай еңбек ет! Алла Тағалаға мұқтаж болғанындай мойынсұн! Тозаққа шыдай алатыныңдай күнә жаса!» (Әйухәл уәләд илмихалы)

Өлетініне сенген және өлгеннен кейін басына келетіндерді ойлаған адам, күнә, жамандық жасай алады ма?

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: