Туған-туысқандарымызды жанұямыздың бір бөлігі деп қарауымыз керек, олардың алдында біздің адамгершілік міндеттеріміз бар:
1) Туған-туысқандарымызды жақсы көріп, оларға құрмет көрсету;
2) Қажет болғанда қол ұшын беру;
3) Оларды ұмытпау, үнемі барып, көңіл күйлерін сұрастырып, сыйлық беріп тұру;
4) Алыста болғандарға хабарласып, жағдайларын сұрап, жанұя байланысын нығайту;
Немере әпке-аға, нағашы аға-әпкелер ата-ана сияқты. Оларды атаа-намыз сияқты жақсы көріп, сыйлауымыз керек.
Пайғамбарымыз: «Туысқандармен байланысты үзген адам жәннатқа кіре алмайды» дей отырып, жақын-туысқандармен араласудың маңызды екенін білдірген.
Сахаба Абдулла ибн Әби Әуфа былай дейді: Біз пайғамбарымыздың жанында отыр едік. Бір уақытта: «Жақын-туыстарымен байланысын үзгендер бүгін бізбен бірге отырмасын», – деді. Сол кезде нағашы әпкесімен ренжіскен жас жігіт орнынан тұрып, нағашы әпкесіне барды да онымен татуласты. Содан кейін мәжілісімізге қайтып келді. Сол кезде пайғамбарымыз: «Туысқанымен байланысын үзген адамдары бар қоғамға мейірім шапағат жаумайды», – деді.
материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,
ummet.kz