01
Жұма,
Қараша

һижри

Мешіт – мәдениет ордасы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыты да тарихымызбен тамырлас ислам құндылықтарын насихаттау әрі осы мақсатта құлшылық ордаларын үлкен мәдени ошаққа айналдыру.

Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы, РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлының 6-15 қаңтар күндері аралығында, Астана мешіттерінде өткізетін уағыз кестесі

 

Тақырыбы Уақыты Мешіт атауы
1 Жұма уағызы: "Бір Аллаға сыйыну"

06.01.2017

Жұма уағызы

"Нұр Астана" орталық мешіті
2 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Мұсылманның жан-дүниесі"

06.01.2017

19:30

"Нұр Астана" орталық мешіті
3 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Мұсылманның шынай келбеті"

07.01.2017

19:30

"С.Ғылмани" мешіті
4 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Қалыб, рух және нәпсі"

08.01.2017

19:30

"Нұр Астана" орталық мешіті
5 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Мұсылманның қоршаған ортамен байланысы"

09.01.2017

19:30

"Нұр Астана" орталық мешіті
6 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Мұсылманның достықтағы адалдығы"

10.01.2017

19:30

"Нұр Астана" орталық мешіті
7 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Пәтуа әдіснамасы"

11.01.2017

19:30

"С.Ғылмани" мешіті
8 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Мұсылманның туыстармен қарым-қатынасындағы негізгі ерекшеліктер"

12.01.2017

19:30

"Нұр Астана" орталық мешіті
9 Жұма уағызы: "Отбасы дағдарысы және бақытқа бастар жол"

13.01.2017

Жұма уағызы

"С.Ғылмани" мешіті
10 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Ислам дініндегі еңбек және кәсіп"

13.01.2017

19:30

"Әс-Сәлам" мешіті
11 "Ихия Ғулумуд-Дин" кітабынан дәріс "Тіл апатынан сақтану"

14.01.2017

19:30

"Нұр Астана" орталық мешіті
12 "Ихия Ғулумуд-Дин"  "Фиқһ ғылымының ерекшеліктері"

15.01.2017

19:30

"Әл-Ғани" мешіті

 

 

"Нұр Астана" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бүгін Астана қаласы Қырқыншы станса елдімекеніндегі «Әс-Сәлам» мешітінде мүбәрак мәуліт мерекесіне орай 100 адамға дастархан жайылды.

Мұсылман жұртшылығының қасиетті Мәуліт мерекесіне орай Астана мешіттерінде ізгі шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы және ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің әйел-қыздар секторымен бірлесе отырып «Думан» мейманханасында осы бір игі мақсатпен Мәуліт кешін өткізді.

Пайғамбар (с.ғ.с.) мәуліті әлмисақтан мұсылман қазақ елінде ерекше аталып өтіледі. Бұл – әлемдерге мейірім ретінде жіберілген әз елші Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) дүниеге келген күн. Адамзаттың абзалы ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінен сыр шертетін жыр-дастандар мұсылман халықтарында ертеден қалыптасқан. Бұл күндері мәуліт жырлары оқылып, Аллаға мадақ-мақтаулар айтылып, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауаттар жолданады.

Биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі кезеңі. Республика көлемінде қоғамның әртүрлі – білім мен ғылым, саясат және мәдениет салаларында еңбегі сіңген азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды.

Бас қаламыз Астанада қайырымдылыққа бағытталған жаңа бір жоба іске қосылды. Елорда әкімі Әсет Исекешев бастаған қала басшылығы мен әкімдік қызметкерлері «Астана – мейірімді қала» жалпыхалықтық ізгілік ациясын қолға алды.

Түзеу мекемелеріндегі азаматтармен жұмыс, оларды қалыпты өмірлік ұстанымға қайтару – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды міндеттерінің бірі. Діни басқармаға қарасты өкілдіктердің бекітілген қызметкерлері осы мақсатта түзеу колонияларында жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Аллаһуммә солли ғалә Мухаммадин уә ғалә әли Мухаммад.

Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.