19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

ҚМДБ: Пәтуа мәселесіне арналған алқалы жиын өтті (фото)

ҚМДБ: Пәтуа мәселесіне арналған алқалы жиын өтті (фото)

Ел іші
Жарнама

13 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгінгі таңда жат ағымның алдын алу үшін халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізу айрықша маңызды. Осы бағытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердегі Уағыз-насихат және Сауат ашу курстарының жандануына баса назар аударып отыр, - деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» мешітінде Бас имам Нұрлан Бекболатұлының жетекшілігімен екі бағыт бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Нақтырақ айтсақ, уағыз-насихат бағыты бойынша күнделікті бесін уағыздары үздіксіз жалғасып, Ал Әр сенбі күні «Рухани дастархан» жобасы аясында жамағатқа қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтитын  дәрістер өтуде.

Сондай-ақ, сауат ашу жұмыстарын жандандыру мақсатында тұрақты өтетін «Ақида», «Құран», «Шариғат», «Пайғамбар тарихы» пәндерімен қатар Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінен арнаулы дәрістер қосылды.

Дәрістерді ғылым докторы, магистрлер, жоғары оқу орнын тәмамдаған исламтанушылар мен қарилардан тұратын ұстаздар оқиды. Сабақтар бекітілген уақыттарда тұрақты өтуде. Уақыты сәйкес келмеген қатысушының ыңғайына қарай басқа уақытқа келісіп сабақ берілуде. Осылайша діни сауатын жетілдіруге ынталы әрбір адамға сенімді дереккөздерден білімін тереңдетуге жағдай жасалып отыр.

Сонымен қатар әйел-қыздар секторының сауат ашу бөлімінде де аталған пәндер бойынша дәрістер жүріп жатыр. Әйел жамағатының басын біріктіріп, діни танымын қалыптастыруда Мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының зор үлесі бар.

Мешіттегі сабақтардың видео және аудио нұсқасын ummet.kz сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшалар мен каналдардан көруге болады.

Бүгінгі діни руханиятта жат ағымның тұзағынан сақ болу өте маңызды. Бұл мәселеден сақ болу үшін діни ақпараттарды дұрыс қайнарлардан алу керек.

Сондықтан рухани құндылықтарымызды үйренгісі келген әрбір азамат үшін «Нұр Астана» мешітінде дін тақырыбы бойынша салалық білім беру жағынан толықтай мүмкіндік жасалған.

a6420143 832f 49aa b968 f9c4144b27e0

8f58f9da 23e5 41af a84b 77aad5ecbbd8

72941b4c 84f4 4ac6 a7fd ae9e20ec3d71

Бөлісу: