Адамдармен қарым – қатынастағы ихсан дегеніміз – адам басқалардың өзіне қандай көркем қарым – қатынас танытуын қаласа, өзі де сондай көркем қатынаста болуы.
Алла Тағала Құран аяттарының көптеген жерінде ихсан сөзін адамдарға қарым – қатынасқа қатысты қолданған. Мәселен, мына бір аятта Алла Тағала ата – анаға жақсы қарым – қатынас жасауды бұйырып: «Алла Тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар, және әке шешеге көркем түрде жақсылық қылыңдар», («Ниса» сүресі, 36) - деп айтқан.
Ата – анаға кішірейіп жақсылық жасап, олар үшін дұға тілеп, әрдайым қасынан табылу. Көршімен көркем түрде қарым – қатынаста болу, сыйласу, мұқтаж болса жәрдемдесу, қуаныш пен қайғыда ортақтасу. Міскіндер мен жетімдердің хақыларына қол сұқпау, тәрбиесіне үлес қосу, жәрдем қолын созу, жәбір көрсетілуіне жол бермеу. Жақсылық жасап жамадықтан тыйылу. Пайдасыз сөздерден шамасы келгенше арылу, өзін тәрбиелеу. Жануарларды азаптамай, мейірімділік таныту. Әр құлшылығын, ұлылықпен, күнә мен риякерліктен сақтап, бар ықыласты Көруші, Бақылаушы, Естуші Алла Тағалаға арнау.
Жалпы мұсылман адам жоғарыда айтылған пайдалы істерге өзінің септігін тигізіп, көркем түрде атқаруы қажет.
материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,
ummet.kz