Қарыз алушы мен қарыз берушінің абай болуы қажет мәселелерді қысқаша жинақтайтын болсақ, бұларды екі топқа бөлуге болады.
Бұл бойынша қарыз беруші:
1. Тек Алла ризалығы үшін мүмин бауырын қиыншылықтан құтқаруды мақсат етуі керек. Хадисте былай делінеді: «Кімде-кімнің бауырының кңжетгіліктерін қамтамасыз етсе, Алла да оның қажеттілігін қамтамасыз етеді (оған көмектеседі). Кім мусылманның қайғы-қасіретіне шара тауып, (оны жайландыратын) болса, Алла да сол себепті оның қиямет қиыншылықтарының біреуін жояды оны қуанышқа жеткізеді». (Бұхари, Мәзалим, 3; Муслим, Бирр, 58);
2. Қарызға қандай да бір өзге пайданы араластырмауы керек;
3. Қолынан келгенінше жеңілдік көрсетуі керек, әсіресе, қарыз алған адам шын көңілімен өтеуге тырысса да бұған шамасы келмесе, оған уақыт беруі керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Кім бір қарызы бар адамға уақыт берсе, әрбір күні үшін оған бір садақа сауабы жазылады. Кім оның қарызын уақыты келгеннен кейін кешіктірсе, кешіктіргеніндей, әрбір өткен күніне (алатын қарызындай) садақа жазылады» (Ибн Мәже, Садақат, 14/2418).
«Сендерден бурын өмір сүрген біреуге рухын алу үшін періште келген еді. Періште одан: «Бір жақсылық істедің бе?» - деп сүрады. Ол адам: «Білмеймін» - деп жауап берді. Оған: «Қане, ойланып көр (бәлкім есіңе түсер)» - деді. Ол адам: «Ештеңе есіме түспейді, бірақ, дүниеде жүргенде адамдармен сауда жасайтынмын. Осы қатынастарымды байға төлем уақытын ұзатып, пақырға да төлеу жұмыстарында кешіріммен және кейбір кемшіліктерін кешіру түрінде жеңілдік жасайтынмын» - деді. Алла оны (осы жақсылығы үшін) жәннатына кіргізді» (Бұхари, Бүйі, 17-18; Муслим, Мұсақат, 26-31). Егер әл-ауқатты болса, керісінше, алдындағы адам өте пақыр не ғаріп болса, берген қарызын садақаға санауы керек;
4. Қарыз алған адамды ренжітпеуі керек, хадистегі: «Алдындағы адам берсін-бермесін, хақын талап етуші адам ар шеңбері ішінде хақын талап етсін.» (Ибн Маже, Садақат, 15) қағидасы бойынша, тамаша бір қимыл танытуы керек. Сондай-ақ, басқа бір хадисте де Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді: «Алла сендерден бурын өмір сүрген біреуге рахметпен қарады. Өйткені ол адам сатқын кезде және сатып алған кезде жеңілдік көрсетіп, алашағын сұраған кездеде (дөрекілікпен емес түсіністікпен) жеңілдік көрсететін» (Тирмизи, Бүйі, 75).
Бұлардың барлығына қарап қарыз алушы да:
1. Өте мәжбүр болмаса, қарызға кірмеуі керек.
2. Тек қана емірлік қажеттілік болған жағдайда ғана, жететіндей мөлшерде қарыз алуы керек.
3. Қарызды жайлы өмір үшін алып, ысыраптықпен жұмсамау керек.
4. Төлеу ниеті, қажыры мен тәуекелінде шынайы болуы керек.
5. Қарыз алған адам алашақ адамның жақсы ниеті мен ізгі істерін теріс жолға қолданбауы керек. Өйткені, мұндай істерді істейтіндер нағыз мұқтаждардың қарыз тауып алуына кедергі болып, зиянын тигізеді.
6. Алған қарызының қүны түсіп қалатындай қарыз алмауы керек, әсіресе үзақ мерзімді қарыздарда қүнын жоғалтпайтындай түрде қарыз алуы керек (әрине, қарыз беруші адамның жеке кешірімі басқаша).
7. Қайтарғанда уақытынан кешіктірмеуі керек, әсіресе қарыз апған адам қайтаратындай мүмкіндікке ие болса, тура уақытында қайтаруы керек. Мүмкіндігі жоқ болса, жағдайын айтып, уақыт сүрауы керек. Хадисте былай делінеді: «Қарызын қайтара алатын жағдайы бар бай адам қарызын кешіктіруізүлымдық» (Бұхари.Истиқраз, 12; Хауалат, 1-2; Муслим, Мүсақат, 33).
8. Қарызын ешқашан ақыретке қалдырмауы керек. Бірақ, барлық осы қағидаларға көңіл бөлгенімен, өте зәру себептермен қарыз өтелмей, ақырет әлеміне қапған мынадай үш жағдайда, қарыз алушының берешегін Алла Тағаланың өзі қайтаруды уәде етеді. Хадисте былай делінеді: «Шүбәсіз, қарызы бар адам өлгенде, карызы қиямет күні одан алынады.
Бірақ, мынадай уш себеппен қарыз алған адам бұл үкімге кірмейді:
1. Адамның күші Алла жолында (соғыста) әлсіреп, ол Алла дұшпандары мен өз душпанына қарсы күшею үшін қарыз алған жағдайда.
2. Бір адамның кдсында бір мұсылман қайтыс болып, оны кебіндеп көметін ақшасы болмай, осы мақсатта қарыз алса.
3. Бір адам бойдақ болғаны себепті нәпсінен Алла алдында қорықса, дініне зиян келтіруден қорқып, қарыз алып үйленсе. «(Міне), Алла Тағала қиямет күні бұлардың кдрыздарын өзі өтейді» (Ибн Мәже, Садақат, 21).
Шүбәсіз Алла Тағаланың ол қарызды қиямет күні етеуі - алашақ адамның хақын еселеп беруі деген сөз, әрі ақырет жомарттығымен, зая кетпейтін бір ақы мен мәңгілік табыспен... Мұндай ақы да, шүбәсіз, алашақ адам үшін қазыналардан да багалы сыйлық. Бірақ, әлбетте, қарызданушының хадисте айтылған топтарға кіруі немесе кірмеуі, бұл жағдайда ең маңызды бір себепші болады. Егер қарызда қандай да бір жағымсыз жайт пайда болса, адам Алла жолында немесе басқа бір мұсылман бауыры үшін не болмаса дініне зиян келмеуі ниетімен үйлену үшін жүмсаса, де жауапты, және қарызын қиямет күні болса да қалайда қайтарады. Сондықтан, қандай себеппен болса да қарыз алған адам жеткілікті мелшерге қанағат етіп, қарызын қалайда қайтару ниетінде болуы, алашақ адам да қарыз беру қасиетіне тағы бір қасиет қосқандай, кешірімділікпен қарауы керек. Қарыз туралы әрі алашақтың, әрі берешектің жағдайын қолдайтындай түрде ойлау керек. Өйткені, алашақ адамның хақының қорғалуы осы ізгі істің жалғасуын қамтамасыз ететін ең маңызды себебі. Керісінше жағдайда қоғамда қарыз беру қасиетінің жалғасуы мүмкін болмайды.
материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,
ummet.kz