22
Жұма,
Қараша

һижри

Үш қасиетке ие болған адам құр алақан қалмайды

Үш қасиетке ие болған адам құр алақан қалмайды

Иман келтіру

Әдеп – ахлақтың шыңы. Тасаввуфтың мақсаттарының бірі.

Бұл шикі адамды ихсан сезімі арқылы кәміл адам дәрежесіне көтеріп, Алла алдында әдепті қылу, бұл әдептің ең жоғарғысы. Екінші әдеп, Алла Расулына (с.ғ.с) байланысты. Алла Тағала Хұжурат сүресі мен басқа сүрелерде мүминдерге Алла Расулының (с.ғ.с) алдында әдеп сақтауды арнайы әмір етеді. Бұл әдеп – ұстазға, әке-шешеге, мүминдерге және осылай тізбектеліп, барлық мақлұқатқа созылады.

Суфиян Сәури (құддисә сирруһ) былай дейді: "Тамаша әдеп Алла Тағаланың ашуын басады."

Ибн Аббас (р.а) былай дейді: "Барлық әдептің басы – рахат кезде де, қиыншылықта да Алла Тағаланың әмірлеріне мойынсұнып, тиымдарынан қашу." Және былай деген:
Үш қасиетке ие болған адам құр алақан қалмайды:
1. Жақсы әдепке ие болған,
2. Әдепті адамдармен бірге болған,
З. Басқаларға зиян келтірмеген.

Әдептің ерекшелігін шайыр қандай тамаша баяндаған: Әдеп Кұдай нұрынан берілген бір тәж екен. Сол тәжді киіп, бар бәледен аман бол!

Ибн Ата (құддисә сирруһ), әдептілік жайлы былай дейді:
Кімде-кім салихтардың әдебіне қол жеткізген болса, оның төсеніші кереметтік төсеніші;
Кімде-кім әулиенің әдебіне қол жеткізген болса, оның төсеніші әулиелік халден бір төсеніш;
Кімде-кім пайғамбардың әдебіне қол жеткізген болса, оның төсеніші Аллаға жақындықтың төсеніші болады;
Және кімде-кім әдептен мақрұм болса, ол барлық жақсылықтан мақрұм қалған деген сөз".

Хазіреті Мәулана былай дейді: "Кімде-кім әдептен нәсібін алмаған болса, ол адам емес. Өйткені, адам мен хайуанның арасындағы айырмашылық, ол – әдеп. Көзіңді ашып, Алланың кітабы Құран Кәрімге назар салып кара! Оның аят-аят әдеп екендігін көресің".

материал «Бір шоқ гүл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: