Иман – тілмен мойындау және жүрекпен растау.
Шариғат және баяндауға байланысты Алланың елшісінен (с.а.с.) дұрыс жолмен жеткен хабарлардың барлығы хақ. Иман – біреу және мүміндер негізінен тең. Араларындағы айырмашылық Құдайдан қорқу, тақуалық, нәпсімен күресу, ең лайықты ұстанымды ұстану тұрғысынан ғана болады.
Түсіндірмесі: Иманның негізі жүректе, айғағы тілде. Яғни, тек тілмен айту жеткіліксіз, жүрекпен бекіту қажет. Жүректе болған жағдайда ділге енеді де, іс амалда көрініс табады. Сол себепті намаз сияқты парыздарды орындамай жүрген дініне салғырт-салақ тіл мұсылмандарды имансыз деп айта алмаймыз. Иманның негізі бір, иман иелері де, негізінен, тең. Ардақтылары – ең тақуалары.
Мүміндердің барлығы ар-Рахманның достары.
Түсіндірмесі: Иман келтірген жандардың барлығы Құдай Тағаланың қамқорында. Сондықтан да олардың барлығы басқалардан гөрі Аллаға жақын құлдар. Алла Тағала былай дейді: «Алла – иман келтіргендердің қамқоршысы, оларды қараңғылықтан нұрға шығарады...» (Бақара, 257).
материал «Таным тұғыры» кітабынан алынды,
ummet.kz