Көркем мінез ақыл күшінің және ашу мен құмарлық күштерінің орташа болуына және зерденің кемелдігіне байланысты екенін білдің. Бұл орташа деңгей ақыл мен шариғатқа бағынуы тиіс, ол екі бағытта пайда болады.
Біріншісі – Алла тарапынан және табиғи кемелдікпен келген орташа деңгей. Адам табиғи болмысынан кемел ақылды және мінезі көркем болса, онда бұл табиғи кемелдіктің белгісі. Бұлар оған ашу мен құмарлықты басқаруына жетерлік, оның бойындағы орташа деңгейлік ақыл мен ша риғатқа бойсұнған. Мұндай адам тәлім алмаса да ғалым, тәрбие көрмесе де әдепті. Мысалы, Иса ибн Мариям, Яхия ибн Закария және т.б. пайғамбарлар сияқты. Сондай-ақ адамның табиғатында жүйелі әрекеттер арқылы шығаруға болатын сипаттар да бар. Кейбір балалардың тілі анық, қолы ашық болып туылса, енді басқалары бұған қарама-қарсы мінезбен туылады. Көркем мінез жақсы балалармен бірге жүріп-тұру, жасаған қате ліктерден келешекте ғибрат алуды өзін-өзі әдетт ендіру арқылы келеді.
Екіншісі – көп тер төгу мен жаттығудың арқасында келетін орташа деңгейлік. Кім өзінің бойын да жомарт мінезін қалыптастыруды қаласа, онда ол мал-даулетін Алланың жолына жұмсап үйренуі тиіс. Нәпсіге жүктелген бұл бейнет оның табиғатына сіңіп, мінезіне ауысқанша көп сабырлық танытуы қажет. Шариғатқа лайық, мақтауға тұратын мінездердің барлығы осы жол арқылы келеді. Адам жасаған жомарттығынан ләззат алса, сонда барып жомарттықтың ең жоғарғы мәртебесіне қол жеткізген саналады. Шынайы сақи адам, малын жұмсаған шақта, рақаттанады. ондай адамға қиналу мен іштарлық жасау тән емес. Ал енді сықпарлықтан ләззат алған адам, нағыз сараң. Егер нәпсіміз барлық жақсы мінездерді үйреніп, жаман қылықтарды тастамаса, онда бойымызда діни ахлақ тұрақтамайды. Ізгі амалға құштар адамда болатын еңбекқорлық пен талпынысқа ден қоймасаң, онда бұл мінез дің ләззатын алмайсың және теріс қылықтарды жек көрмесең, шынайы бақытқа жетпейсің. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Намаз көзімнің қуанышы», – деген (Нисай риуаты). Ал біз болсақ, ғибадатқа жалқаулық танытып, орындауымыз қажет амалдарды қатты қиналып, оны ауыр санап, тәрік қылып жатамыз. Мұндай кемшіліктермен қайтып бақыттың кемелдігіне жетпекпіз? Құлшылық үшін сабырлық таныту оңай шаруа емес. Алла Тағала: «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында, намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді. Ол ынталылар, раббыларына шын жолығатындықтарын ойлап әрі Оған анық қайтарылатындықтарын да біледі» – деп айтқан (Бақара; 45-46).
Сондай-ақ құлшылықтың мұндай дәрежесіне жету үшін бастан кешіретін машақаттың өз сауабы болады. Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Аллаға разылықпен құлшылық қыл. Егер бұлай жасауға шамаң келмесе, онда саған ауыр болған нәрсеге сабырлық қылсаң да көп қайыр бар», – деген (Табарани риуаяты). Уәде етілген бақытқа көркем мінез арқылы жетеді. Бұл жолда Аллаға бойсынудан ләззатт ану және күнәні жек көру амалдары уақытша емес, бәлкім ғұмыр бойына созылатын дүниелер. Өмір өткен сайын құндылық тұрақты әрі толықтай түседі. Сол үшін Алланың елшісінен (с.ғ.с.) бақыт хақында сұраған уақытта: «(Бақыт) – бүтін өмірді Алла Тағалаға бойсынып өткізу», – деп жауап берген (Әбу Бәкірдің риуаяты). Расында дүние, ақыреттің егін алқабы. Өмір ұзарып, ғибадат қаншалықты көп болса, сауап соншалық мол, нәпсі соншалық пәк, ахлақ та соншалық көркем болмақ. Аллаға жасалған құлшылық жүректе өз таңбасын қалдырса – мақсатқа жету деген осы, ол үшін құлшылық, өмірдің ақырғы деміне дейін үздіксіз жалғаса беруі керек.
материал «Жан тәрбиесі» кітабынан алынды,
ummet.kz