29
Жұма,
Наурыз

һижри

Өмірдің мақсаты – үлгілі құл болып өмір сүру

Өмірдің мақсаты – үлгілі құл болып өмір сүру

Иман келтіру

Өмірдің мақсаты – үлгілі құл болып өмір сүру және ізгі адам болып, жан тапсыру. Сірә, мақсат Алла Тағаланың адамзатқа сыйлаған Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыпайы әрі сезімтал өмірінен үлгі алып; терең, нәзік, сезімтал құл бола білу.

Ізгі жан болып осы фәни әлеммен қоштасу үшін санаулы демді ақтық демге әзірлеу қажет. Яғни бақытты ақырет өмірі үшін салих амалмен безенген, тамаша, нұрлы, шаттыққа толы және де дұрыс бағыттағы дүние емірі қажет. Өйткені хадисте баяндалғандай: «Адам қалай өмір сүрсе, солай өледі, қалай өлсе, солай махшарға барады (тірілтіледі)». (Мүнауи, Фәйзул- қадир Шәрхул-Жамиис-Сағир, X, 663)

Мұның сансыз мысалдары бар. Ғибрат пен хикметке толы осы мысалдардың бірі мынадай: Адапазарын деген қалада бір азаншы мырза құрметті әкем Мұса мырзаны (құддисә сирруһ) зиярат сұхбатына бесін намазындағы міндетін атқарып болып келе жатып, велосипедімен жанған жасыл баспа үйі бағдаршамнан кейін жолдан өтеді. Сол кезде өте қатты келе жатып, қызыл жарыққа тоқтай алмаған бір көлік келіп, азаншы мырзаны қағып кетеді. Қатты соққыдан азаншы анадай жерге үшып түсіп, бір ауыз сөз айтуға ғана шамасы жетіп, жан тәсілім етеді. Оны соққан жүргізуші мен жол шетіндегілер естіген оның соңғы сөзі мынау еді:

«Саған келе жатырмын Раббым!..» - дейді. Міне, барлық мәселе – өмірін ақтық демінде қуанышпен, шаттықпен Алла Тағалаға алып бару, яғни, барлық адамның қорқынышты түсі болған сол демде қуаныш сезініп: «Раббым, саған келе жатырмын!» - деп айта білу. Алла Тағала барлығымызды осы бақытқа жеткізсін! Әмин!

Бұрынғылардың сөзімен бұл хал: «Су құмырасы су жолында сынады...» нақылының өте мәнді көрінісі. Яғни көңіл өмірде немен көп шұғылданса өлген кезде де соған ауады. Әрине, мұның ерекше жағдайлары да бар. Яғни құл ақтық демін иманмен тапсыру үшін қаншалықты салих амалға толы өмір сүруі қажет болса да, осыған сеніп, Алланың рахметіне қол жеткізетіндігіне нақты көзбен қарауға болмайды. Сонымен қатар құлдың өз күнәлары мен жағымсыз өміріне қарап, Алланың рахметінен үмітін үзуіне де болмайды. Өйткені, ақтық демнің қалай болары иләһи бір сыр. Ұлы кітабымыз Құран Кәримде ақтық демінде иманын құтқару үшін арлалысқан салих құлдар өнегелі тұлға ретінде көрсетілгені сияқты осыған керісінше салих өмір сүріп жатып, нәпсіқұмарлығын көніп, соңынан күпірлікке душар болып өлгендердің аянышты ақырлары да бір ғибрат көрінісі ретінде баяндалады.

Сондай-ақ, ие болған ілімін парасаттылықпен безендіре алмай, нәпсісін тазарта алмаған Ібліс, Қарун, Бәлам бин Баура және сахаба болып, дүниелік мансапқа алданған Салебе осылардың ең айқын мысалдары.

Біз білетіндей, Ібіліс алғашында Хақ алдында үлкен мәртебеге ие еді. Бірақ, тәкаппарлығының кесірінен Алла Тағаланың әмірінің құдірет, ұлылық пен айбынын көре алмай, өзінің Хазіреті Адамнан жоғары екендігін айтты. «Мен» сезімі арқылы өзінде абырой мен мансап бар деп ойлағаны оны Раббысының әміріне қарсы шығуға дейін итермеледі. Ақыры, тәкәппарлығы мен қырсықтығының құлы болып, мәңгілік қасіретке тап болды. Қарун да алдында пақыр әрі салих адам еді. Тәуратты Хазіреті Мұсадан кейін ең жақсы тәпсірлейтін еді. Хазіреті Мұсаның дұғасының берекетімен оған алхимия ілімі берілген болатын. Бірақ, кейіннен нәпсісі мен шайтанның азғыруына еріп, жүрегі дүниеге бұрылды. Қазыналарының кілттерін күшті-қуатты біртоп адам әрең көтеретін еді. Осыған алданып, мақтаншақтықпен байлықтың иіріміне түсті. Бірақ Хазіреті Мұса оған зекет беруді бұйырғанда ол: «Малыма кез салдың ба? Мұны мен өзім таптым» деуге батылы барып, қателікжасады. Малы оны мақтаншақ етіп, жойылуына себеп болды.

Сөйтіп, Қарун, Хазіреті Мұса мен Хазіреті һарунның рухани дәрежелерін қызғана бастады. Хазіреті Мұсаның арына жала жабатындай қызғанышы артты да, ақырында мақтанған қазыналарымен бірге жер түбіне батып, жоқ болды. Мүліктің иесі болған Алла Тағаланы ұмытып, мал-мүлік мәртебе сияқты тұзақтары бар дүниеге көңіл бөлу – ғапылдықтың ең ащысы.

Бәлам бин Баура да Алла Тағаладан исми-ағзам үйренген, кәрамәт (керемет) иесі бір салих құл еді. Бұл адам Исрайл ұлдарының арасында ғалым әрі әулие болып танылатын. Бірақ, кейіннен әуестігі мен нәпсінің құмарлықтарына бет бұрғандықтан әлгі рухани халін жоғалтып, тіпті, имансыз өлді. Бұл оқиға Құран Кәрімде былай баяндалады: «Оларға шайтанның соңынан ерген және өзіне берген аяттарымыздан алшақтап, азғындарға қосылған адамның оқиғасын баянда. Қаласақ, оны аяттарымыз арқылы үстем етер едік, бірақ ол дүниеге бұрылып, әуестігіне ерді (ақымақтыққа душар болып, есі шықты). Оныңхалі құдды иттей, зекіп кусаңда, солықгап, тілін салақтатады...» (Ағраф сүресі 175-176)

Тамаша құлшылыққа толы өмір сүріп жатып, дүниеге алданып, мәңгілік бақытын мәңгілік қасіретке айырбастау бақытсыздығына тап болғандар туралы Пайғамбар дәуірінде болған бір мысал, Салебенің жағдайы. Салебе алдында мешіттен және Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сұхбаттарынан шықпайтын болса, мал-мүлікке ие болып, дүние сүйіспеншілігі көңілінде орын алған соң уақыт өте жамағатты тастап, парыз болған зекетті беруден де бастартып, соңы өкінішпен аяқталған еді. Кейіннен Алла Расулының сөзін ұстай алмағаны үшін өкінсе де, пайдасыз арпалыс үстінде жан тапсырған сәтте құлағында Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ей, Салебе, шүкіршілігін жасай алатын аз мал, шүкіршілігін жасай алмайтын көп малдан жақсы» - деген сөзі жаңғырды. (Табәри, Тәфсир, XIV, 370-372; Ибн Кесир, Тәфсир, II, 388)

Тасаввуф тарихының ұлы тұлғаларының бірі Суфиян Сәури Хазіретінің жас кезінде белі бүгіледі. Себебін сұрағандарға былай дейтін: «Өзінен ілім үйренген бір ұстазым бар еді. Қайтыс болар сәтінде иман айтсам да тәухид сөзін айта алмады. Бұл жағдайды көрген соң менің белім бүгілді». Көріп отырғанымыздай, соңымыздың не болары белгісіз. Перғауынның сиқыршылары сияқты азғындықпен емір сүріп, емірінің соңында һидайятқа келгендер сияқты, Қарун және Бәлам бин Баура сияқты һидайятпен өмір сүріп, соңында амал дәптерін қасіретпен жапқандар да бар. Сондықтан құл қандай рухани мәртебе, жоғары дәрежеде болса да, нәпсі мен шайтан үнемі тұзақ құрып, мүмкіндік тапқан сәтте аяқты тура жолдан тайдыруы мүмкін. Өйткені, шайтан Құран Кәримде айтылғандай Алла Тағаладан: «Тура жолдыңүстінде отырып, құлдарыңды азғындатам!» (Ағраф сүресі 16) деп, қайтадан тірілетін күнге дейін өзіне мұрсат берілуін сұрады. Сынақ ретінде оған осы мүмкіндік берілді. Бұл шабуылдан тек ықыласты жандардың тыс қалатындығын шайтан былай мойындады: «Ықыласын сактаған құлдарың тыс!» (Сад сүресі 79-83)

Пайғамбарлардан басқа ешбір құлға иман турасында аяқтың сүрінуі қаупінен аман қалу кепілдемесі берілмеген. Сол себепті әрбір мүмин өзіне берілген өмір нығметін лайықты түрде тиімді пайдалануға  тырысуы керек. Өлімнің суық үрейінен құтылудың бірден бір себебі тек ізгілікпен өмір сүруге тырысу. Өйткені, өлімге әзірленгендер өлімнен қорқудың орнына оны мәңгілік бір қауышу дәнекері деп түсінеді.

Бұлар «өлімді әрлендірудің дәмін татқан бақытты жандар. Бірақ, ғапылдықпен өмір сүріп, ақыретін жаққандар болса, өлімнің қорқынышты әрі қараңғы иірімінің алдында бойын суық үрей билеуден құтыла алмайдың. Хазіреті Мәуләнә қандай жақсы айтқан: «Ұлым, әркімнің өлімі өзі түсіне байланысты, адамды Аллаға қауыштыратындығын ойламай, өлімнен жиіркенгендер үшін өлімге дұшпан болғандарға өлім қорқынышты бір дұшпан сияқты көрінеді. Өлімге дос болғандардың алдынан дос сияқты шығады».

«Ей өлімнен қорқып, қашқан жан! Мәселенің негізін, сөздің шындығын қаласаң, сен негізінде өлімнен қорықпайсың, сен езіңнен қорқасың».

«Өйткені, өлім айнасынан көріп үркіп, қорыққан өлімнің бейнесі емес, өзіңнің жағымсыз керінісің. Сенің рухың бір ағаш сияқты. Өлім сол ағаштың жапырағы. Әр жапырақ ағаштың жынысына, түріне қарай болады...».

Мінеки, құл осы дүниелік өмірінде менмендікті артқа тастап, рухында жасырылған періштелік сипаттар бағытындағы сатыларды асар болса, яғни «өлмей тұрып өлу» сырына қанық болса, елім қиял жетпейтін ұлы Раббыға қауышудың қажетті бір қадамы болып көрінеді. Осылайша көптеген адамдардың қорқуына себеп болған өлім көңілде «Рәфиқи-Ағлаға», яғни «ең ұлы досқа» қауышу шаттығына айналады.

Алла Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соңғы сәттері осы қуаныштың шегіне жеткен бір қауышу демі еді. Ол емір бойы қандай жағдайда болмасын, Раббысының бүйрығына сүйіспеншілікпен мойынсұнғандықтан, өлмей тұрып өліп, өлімін бір той кешіне айналдырған еді. Сондай-ақ Хазіреті Айша мен Хазіреті Әлидің (радиаллаһу анһу) риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болуына үш күн қалғанда Алла Тағала күн сайын Жәбірейілді (алейһиссәләм) жіберіп, Расулының көңілін сұрап тұрған еді. Соңғы күні жеткенде Жәбірейіл (алейһиссәләм) бұл жолы қасына жан алушы періште Әзірейілді (алейһиссәләм) де ертіп келді.

Жәбірейіл (алейһиссәләм): «Әй, Алланың Елшісі! Өлім періштесі алдыңа кіру үшін рұқсат сұрайды. Алайда, ол Сенен бүрын ешбір Хикмет адам баласының қасына бару үшін рүқсат сұрамаған! Сенен кейін де ешбір адам баласының қасына бару үшін рүқсат сүрамайды! Оған рүқсат етіңіз!» деді.

Өлім періштесі ішке кіріп, Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдында түрып: «Уа, Расулалла! Ұлы Алла мені саған жіберді және сенің әміріңе мойынсұнуымды бүйырды! Сен қаласаң, рухыңды аламын! Қаласаң, рухыңды өзіңе қалдырамын!» - деді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ей, өлім періштесі! Сен (расында) осылай істейсің бе?» - деп сүрады.

Әзірейіл (алейһиссәләм): «Мен қандай болмасын бүйырған жағдайда саған мойынсұнуға әмір етілдім!» - деді.

Жәбірейіл (алейһиссәләм): «Ей, Ахмед! Ұлы Алла сені сағынған!» - деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Алла алдындағы нәрсе жақсырақ әрі үздіксіз. Ей, өлім періштесі! Қане, әмір етілген нәрсеңді орында! Рухымды, жанымды ал» - деді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасындағы су қүйылған ыдысқа екі қолын матырьіп, дымқыл қолдарымен бетін сипап:

«Лә иләһә иллаллаһ! Өлімнің ақылды бастан шығаратын азабы мен ауырлығы бар!» деген соң, қолдарын жайып, жоғары қарап: «Уа, Аллам! Рәфиқи Ағлә, Рәфиқи Ағлә (яғни ұлы дос, ұлы дос!)» дей отырып, Раббысына деген сүйіспеншілік пен ынтықтықтың керінісі болған қаншама пәк естеліктерге толы бір өмірді артқа тастап, бұл фәни әлемнен шынайы әлемге көшті. (Ибн Сағд, Табақат, II, 229, 259; Бәлазури, Әнсабул-Әшраф, I, 565; Ахмед бин Ханбал, VI, 89)

Рухани нәрге толы құлшылық өмірін басынан баспа өткізген соң ақтық демінде Раббыға қауышуға ынтыққан ұлы тасаввуфшы Мәуләнә Хазіретінің дүниемен қоштасу сәтін шәкірті Хүсамәддин Челеви былай баяндайды:

Бір күні Шәйх Садрәддин таңдаулы дәруіштермен бірге Мәуләнәні науқас төсегінде зияратетуге келді. Мәуләнәнің халін көріп, мұңайды. Шәйх Садреддин: «Алла тезірек шипа берсін! Толықтай сауығарсыз деп үміттенем» - деді.

Сонда Мәуләнә: «Енді шипа сізге мүбарак болсын! Ғашық пен ғашықтысының арасында қылдай қашықтық қалды. Оның да бітіп, нұрдың нұрға қосылуын қаламайсың ба?» - деді. (Әбул-Хасан ән-Нәбәуи, Ислам өндерлері Тарихы, I т. 449 б.)

Мәуләнә адамдар үшін қорқыныш пен қауіп себебі болған өлімге бір қарабасқан сияқты қарамай, керісінше, өлімді жырақтықтан құтылу, нағыз сұлуға, яғни шексіз керкемдік иесі болған Алла Тағалаға қауышу деп түсінген. Өзі бір рубаятында өлім сезімін былай жеткізеді: «Мен өлгенде мені өлді демеңдер. Өйткені, өлі едім, өліммен тірілдім. Мені досым алып кетті...» Сол себепті Хазіреті Мәуләнә дүниемен қоштасу уақытын да «Шәби Арус» (той кеші) деген.

Шүбәсіз, Хазіреті Мәуләнә, Юнус Әмре, Әзиз Махмуд һүдайи сынды қаншама Хақ достарыныңы баспа үйі дүниедегі рахат өмірі қабір әлемінде де жалғасуда. Өлімді осы қалыппен қарсы алу үшін менмендік пен ашкөзділіктерден арылып, иләһи әмірлер бойынша өмір сүріп, соңғы демге әзір болу қажет. Раббымыз аят кәримәде былай дейді: «Саған өлім келгенше Раббыңа кұлшылық ет!» (Хижр сүресі 99).

материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: