08
Жексенбі,
Ақпан

һижри

«Сәждеге барғанда бірінші тізені емес, қолды қою қажет» дейді. Қайсысы дұрыс?

Хадисші, мүжтәһид ғұлама Имам Тахауи (рахимаһуллаһ): «Сәжде жасайтын кезде ең әуелі жерге екі тізе қойылады, одан соң екі қол, кейін бет (маңдай мен мұрын) қойылады» - деген1.

Үйде майкамен намаз оқыса бола ма?

Намазда жабылуы тиіс жерлерін жауып, үстіне көйлек кимей, ер кісі тек майкамен ғана намазға тұрса, оқыған намазы бұзылмайтыны анық.

«Әт-тахият» пен «салауатты» оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеймін?

Егер «аттахият» дұғасын толық оқып бітірмей жатып имам сәлем беріп жатса, сіз «Әт-тахият» дұғасын толық оқып барып, сәлем беріп аяқтайсыз.

Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?

Фиқһ ережесі бойынша, кісі өзінің туып-өскен жерінен кетіп, басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерде тұрақтауды ұйғарса, оның бұрынғы туып-өскен жері «негізгі отан» (асли отан) мәртебесін жоғалтады.