20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Зекетін өтегендерге ақыретте берілетін сый-сияпат

Зекет

Көптеген аят-хадистерде зекетін берген мүміндерді ақырет күні Алланың мол сый-сияпатқа кенелтетіні айтылған. Құран Кәрімле Алла Тағала:

إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ

آخِذِينَ مَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَٰلِكَ مُحْسِنِينَ

كَانُوا قَلِيلًا مِّنَ اللَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ

وَبِالْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ

وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ

«Шындығында, тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады. Олар өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар бұдан бұрын жақсылық істеуші еді. Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар таң сәрілерде кешірім тілеуші еді. Олардың малдарында сұрағанға да, сұрамағанға да тиесілі үлес бар,»[1]–деп зекет берушілердің бұл дүниедегі жақссы ісінің жемісін ақыретте беретінін баяндаған.

Басқа бір аятта:

وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ ۚ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَرِ وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَيُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَيُطِيعُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ أُولَٰئِكَ سَيَرْحَمُهُمُ اللَّهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

«Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер – бір-біріне көмекші. Олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Сондай-ақ оларнамаздарын толық орындап, зекет береді. Аллаға жіне елшісіне бой ұсынады. Расында, Алла тым үстем, аса дана,»[2]–дейді. Яғни дәулетті муминнің белгісі намазымен қатар зекетті де толық беруі.

Ал, Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде мұқтаждарға көмектесіп, байлығының зекетін бергендерге періштелердің дұға тілейтіндігі айтылған. Сондай-ақ малы азаймай, керісінше, молаятыны жайлы муминдерді сүйіншілеген. Бұл жайында Алла елшісі (с.а.с) Әбу Хурайра (р.а) жеткізген хадисте:

ما من يوم يصبح العباد فيه إلا و ملكان ينزلان فيقول أحدهما: اللهم أعطِ منفقاً خلفا، ويقول الآخر: اللهم أعطِ ممسكاً تلفا

«Күн сайын пенделер ұйқысынан оянған уақытта екі періште түсіп, оның біреуі: «Я,Раббым! Жақсылыққа жұмсаушының жұмсағанын (дүниесі мен сауапты амалын) есесімен қайтар,»–десе, екіншісі: «Уа, раббым! Сараңды шығынға ұшырат,»–деп тілейді.»[3] демек бұл дүниеде мұқтаждарды қуантып, алғысын алған адамға періштелер де игі тілеу тілейді екен.

 

 

[1] Зарият 15-19

[2] Тәубе 71

[3] Бухари «Зекет 1410»; Мулим «Зекет 57»

Бөлісу: