Адамзаттың абзалы, Алланың сүйікті елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мінез-құлқы тұрғысынан жанымен де, тәнімен де адамдардан оқ бойы озық тұрды. Пайғамбармен замандас Руккан деген кісі жауырыны жер иіскемеген, күресте алдына жан салмаған алып кісі болады.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Ей, Руккан! Исламды қабылда», - дейді. Рукан: «Олай болса, мені күрестен жеңсең исламды қабылдаймын, - дейді.
Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келісімін беріп Рукканмен белдесіп жауырынын жерге тигізеді. Ешқашан күрестен жеңілмеген Рүккан не болғанын түсіне алмай Алла елшісін қайтадан күресуге шақырады.
Екінші рет тағыда жеңіледі. «Жеңілген күреске тоймайды» дегенге салып Пайғмабарымызбен үшінші рет күресіп, тағыда жеңіледі. Сүйтеді де «Алладан басқа жоқ тәңір Мұхаммед оның елшісі» деп исламды қабылдайды.
Қанат Қалымбет