Абдуллаһ ұлын көрмей о дүниелі болды. Ол дүние салғанда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) анасының құрсағында болатын. Амина қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бар болғаны алты жаста еді.
Анасы Амина қайтыс болғаннан кейін Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) қамқорлығына атасы Абдул-Мутталиб алды. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сегіз жасқа толғанда Абдул-Мутталиб бақилық болды. Сонан соң Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) әкесінің бауыры Абу Толиб қамқорлық етті.
Абдуссамад МАХАТ,
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы