10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күйеуімнің табысынан рұқсатсыз біреуге берсем күнә ма?

- Әйелі күйеуінің табысынан оның хабарынсыз өзгеге қарыз ретінде берсе бола ма?

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті: Барлық істе орта жолды ұстану

Алла Тағала айтады: «Осылайша, сендерді орташа үммет қылдық» («Бақара» сүресі: 143).

Балаға ат қоярда азан айтылмаса, өскенде азан айту шарт па?

Жаңа туған сәбиге ат қоярда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат түсіру – сүннет амалына жатады (мұстахаб дейтіндер де бар). Ардақты Алла елшісі немересі Хасан туылғанда құлағына азан шақырып ат қойғандығы хадистерде айтылған[1].

Сәбиді айнаға қаратпа дегеннің дінде негізі бар ма?

Халық арасында «тілі шықпаған баланы айнаға қаратпау керек» деген наным бары рас.

Отбасы үшін қайсысы маңызды: байлық па, иман ба?

Қазіргі таңда, əлемге дүние-мүлік билігін жүргізіп жатқан мына заманда адамдардың да көзқарастары өзгерген. Бұл тіпті мұсылмандардың ой-өрісіне де айтарлықтай əсер еткен.

«Әйел тозаққа кетсе, өзімен төрт жақынын ала кетеді» деген рас па?

Қыз тозақы болса, төрт адамды (әкесі, ағсы, інісі, күйеуі) ала кетеді деген дұрыс айтылған ба?  

Үлкендерді құрметтеу әдебі

«Кішкентайларымызға қамқорлық жасамаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген кісі біздің қатарымыздан емес» деген Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дінімізде үлкендерге құрметпен, ал кішілерге сүйіспеншілікпен қараудың маңызды қағида екенін көрсетті (Тирмизи, Жиһад 24; Әбу Дәуіт, Жиһад 70).

Ер адамның əйелге қол жұмсауы – əлсіздігінің дəлелі

Ерінің əйеліне қол сілтеп қалуы – ықылым заманнан келе жатқан, қанымызға сіңген сорақы қасиеттердің бірі. Ұрыс-керістің соңы балалардың құтын қашырып, əйелін соққыға жығумен бітеді. Шаңырақта шыққан топалаң шудан кейін, үсті-басы көк ала қойдай боп, əлсіздігіне налып сыңсып жылаған əйел үйде қалса, көзі қанталаған еркек есін жинай үйінен ытқып шығады.

Отбасылық өмірге қадам басқан ұл мен қызға ескерту

Бүгінгі таңда қоғам арасында белең алып отырған ажырасу проблемасы көптің көңілін алаңдатып отыр. Статистикалық мәліметтерден отбасылық ажырасудың елімізде жыл сайын көбейіп келе жатқанын байқаймыз.

Ата-енемен бірге тұратын келіндерге кеңес

Қоғамымызда ажырасуға жол ашатын себептердің бірі – келіннің ата-енесімен сыйыспауы немесе туған-туыстың келінге жылы қабақ танытпауы. Осы себепке байланысты қаншама ерлі-зайыптылар бір-бірінің жүзін көрместей теріс айналып, қаншама келіншекке «есік көрген» деген ат тағылып, қаншама еркек «ажырасқан» деген масқараға қалып жүр. Шикіліктің ұшы келіннен де, ата-енеден де шығып жатады. Бірі ата-енесімен бірге тұрғысы келмесе, бірі келінінен ұлын қызғанады немесе бөтен біреудің қызын бауырына баса алмай отырса опақ, тұрса сопақ қылады.