Отырып қалу бұрынғы заманда қазақ мәдениетінде әлдеқайда көбірек қыздарға қолданылатын.
Тіпті бұндай атұа ие қыздар да өте аз кездесетін. Алайда қазіргі адамдардың мәдени өресі жан-жақтылы дамыған заманға қарайтын болсақ, бұл атау еркектерге де қолданыла бастады.
Әрбір істің жасалатын маусымы болады. Тура сол сияқты үйленудің де заманы бар. Балиғат жасынан ерте үйлену жас жеткіншектерге қаншалықты зиян болса, үйлену жасынан асып, кешігіп үйлену де соншалықты зиян. Зерттеуші, әлеуметтанушы ғалымдар мен психологтардың ақпараттарына қарағанда, белгілі себептермен үйлену мезгілін өткізіп алған еркектердің 35 жастан асқаннан кейін «күдік пен үйлене алмау үрейіне» түсіп, бұдан былай кім жолықса да оған жар ретінде шешім қабылдай алмайтын рухани ауруға ұшырайтынын, тура сондай 25-тен асқан қыздардың да бұдан былай «үйленуден үмітін үзіп, жалғыз өмір сүрудің жолдарын қарастыра бастайтынын» анықтаған.
материал «Жұбайлар құпиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz