19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Зәру жағдайларға байланысты құлшылықты тоқтата тұруға бола ма?

Зәру жағдайларға байланысты құлшылықты тоқтата тұруға бола ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Зәру жағдайларға байланысты құлшылықты тоқтата тұруға бола ма?

Қарулы күштер, денсаулық сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың қызметі адам өмірі мен саулығы үшін аса маңызды. Ал дінімізде, шариғат үкімдерінде адам өмірін сақтаудың орны өте жоғары. Ата заңымыз бойынша да мемлекетіміздің басты байлығы - адам. Сондықтан мұндай орындарда діни міндеттерді (намаз, жұма намазы, ораза т.б.) себеп етіп қызметке салғырт қарауға немесе көлеңке түсіруге болмайды.

Құлшылықты қызметке кедергі келтірмейтіндей етіп орындаудың барлық жолдарын қарастырған жөн. Тек аса зәру жағдайда ғана намазды қаза қылуға немесе бұзуға рұқсат.

Ислам тарихында мұны дәлелдейтін оқиғалар кез-дескен. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Хайбар» соғысында майдан алаңындағы жағдайдың өте қатты ушыққаны себепті намазын кейінге қалдырып, қазасын өтеген.

Шариғат ғалымдары «Зәрулік - тыйылған нәрселерге рұқсат етеді» деген қағидаға сүйеніп: «Егерде тосыннан өрт шықса немесе адам суға батып бара жатса, оқылып жатқан намазды бұзып, адамды құтқару әрбір мұсылманның міндеті» дейді. Құранның «Мәидә» сүресіндегі: «Кім бейкүнә, жазықсыз біреуді өлтірсе, онда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен бірдей және кім бір адамды тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамзатты тірілткенмен тең» деген аят та осы мәселені қуаттай түседі.

Бөлісу: