21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Ер адамға алтын жүзік тағуына неге болмайды?

Ер адамға алтын жүзік тағуына неге болмайды?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағаликум, ер адамға алтын жүзік тақса бола ма?

Жауап: Уағаликумассалам, шариғат бойынша ер адамның алтын жүзік тағуына тыйым салынған. Өйткені Пайғамбарымыз ғалайһиссалам  бірқатар хадистерде ерлердің алтын жүзік тағуына болмайтыны жөнінде ашық айтқан. Хазіреті Әли ибн Әбу Тәліптен жеткен хадите:

 «إِنَّ هَذَيْنِ حَرَامٌ عَلَى ذُكُورِ أُمَّتِي»

«Алтын мен жібек – үмметімнің әйелдеріне адал, еркектеріне – адал емес»[1] десе, тағы бір хадисте Алла Елшісі (ﷺ) бір ер кісінің саусағындағы алтын жүзікті шешкізіп, лақтырып жібереді де: «Сендердің қайсыбірің қолына шоқты ұстай алады?» деп алтынның ерлерге соншалықты зиян екенін ескертеді де, жүзіктің иесіне алтынды алып, оны сатып пайдасын көруді айтады[2].

Шариғат мәзһабтары ерлердің алтын жүзікті әдемілік үшін тағатынын ескере келе, бірауыздан тыйым салығанын үкім еткен.

Ислам ғалымдарды Пайғамбар ғалайһиссаламның еркектер үшін алтын жүзік тағуға тыйым салуының біреше хикметі бар екені туралы айтқан:

  1. Алты ғасырлар бойы ақша айырбасының орнына экономикалда маңызды рөл ойнады. Ерлердің әшекей ретінде пайдалануы экономикаға кері әсерін тигізеді.
  2. Ер кісінің табиғаты алтын мен жібекпен сәнденуге лайық емес.
  3. Үсті басын түгелдей алтынмен аптап, күміспен қаптап ел алдында жүру қоғамдағы әділдікке кері әсерін тигізіп, елді «бай», «кедей» деп екіге бөлуі мүмкін.

Медицинаалық тұрғыдан, алтынның атомдары тері арқылы қан тамырларына барып, қан арқылы мидың жадысына әсер ететіп, есте сақтау қабілетіне нұсқан тигізетінін байқаған. Әрі ер адамдардың жыныстық гормонына кері әсер ету арқылы, жыныстық белсенділігін төмендететінін дәлелдеген.

 ummet.kz

[1] Тирмизи, хасан сахих, Нәсәи.

[2] Мүслим, Либәс 52.

Бөлісу: