Асыл дініміз Исламның рухында адамзат қоғамына қажетті барлық асыл қасиеттер жинақталған. Сол арда құндылықтардың бірі – ата-анаға деген құрмет. Яғни, қасиетті дініміз, мына жалған дүниедегі ең жақын адамдарымызбен қалай сыйласу керектігінің озық үлгісін, Аллаға ұнамды түрін он төрт ғасыр бұрын өнеге ретінде қалдырған.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Исра» сүресі, 23-24 аяттарында, ата-ананы қалай құрметтеу турасында:
وَقَضَى رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًاإِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا
Яғни, «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле»,-деп әмір етеді.
Осы аят арқылы Ислам ата-ананың мәртебесін басқа ешбір дінде болмаған дәрежеге көтеріп, оларға тиісті адамгершілік, әдеп инабаттылықты Алла Тағалаға иман келтіргеннен кейін екінші орынға қойып, олар Құранның осы үкімін өмірінің өзегіне айналдырған қазақ даласында қарттар үйі деген атымен болмағаны тарих қартпарларынан белгілі. Себебі, Алланың Құрандағы үкімін қабыл алып, әрбір отбасы қарттарын құрмет тұтты. Бүгінде бұл дәстүрдің бүгінге дейін жалғасып келе жатқанына куә болып отырмыз.
Халық даналығында: «Әке – шешең жынды болса байлап бақ» демей ме. Пайғамбардан (с.ғ.с.): «Я, Расулулла, жақсылықты алдымен кiмге iстеймiз?», – деп сұралғанда, Ол (с.ғ.с.):
– Одан кейiн ше?
– Анаңа!
– Ал, одан кейiн ше?
– Анаңа!
– Ал, одан кейiн ше?
– Әкеңе!
(Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари риуаят еттi.)
Ата-анасының разылығына жетпеген балаға Пайғамбарымыз терең күрсініп, былай деген: «Тоғыз ай, тоғыз күн, тоғыз сағат сені қарнында көтеріп, өлімді жағалап барып сені туған кім? Сен ештеңеге шамаң келмей, сәби болғанда жылдап көкірегімен емізіп баққан кім? Сені балиғат жасына жеткізген кім? Егер анаңның ризалығын алмасаң, жәннет саған жоқ! Тәубе етсең еттің, болмаса отбасыңмен жинаған мүлкіңнен жартысын беруің тиіс», – деген болатын.
Мінекей дінімізде ата анаға қаншалықты құрмет көрсету керек екендігі туралы көптеген хадистерде кездеседі. Дініміздің ата-ананың мәртебесін жоғары қоятыны соншалық, өмірде болатын ата-ананың түсінбеушілігі мен олардың діндес болмауын сылтауратып, оларға құрмет көрсетпей қоюға тыйым салады. Тіпті, зұлымдық етіп, мұсылман болмаған жағдайдың өзінде, оларға жақсылық істеуді бұйырады.
Алла Елшісі (с.ғ.с) ғибратқа толы өмірінде ата-анасы қартайған балаларды дінді, Отанды қорғау жолындағы әскери іс-қимылдарға қатыстырмаған, сахабаларын ата-анасы басқа дінде болса да құрметтеуге үндеген, олардың қызметін жасауға шақырған, өзі сүт анасын, ата-анасының туыстарын құрметтеуді өмірінің соңына дейін жалғасырған ғазиз жан. Демек, ата-анаға құрмет – Алла Расулының (с.ғ.с) сүннеті болып табылады.
Алла Тағала құранда «Ғанкәбут» сүресінің 8-аятында адам баласына ата анасына жақсылық істеуді бұйырады. Ендеше, ата-ананы құрметтеп, оларға жақсылық жасау Алла Тағаланың бұйрығы болғандықтан, бұйрыққа бойсұнып ата анаға жақсылық жасау фарыз болады. Сол себептен біздер ата-ана алдындағы перзенттік міндетімізді адал атқарып құрмет көрсетіп қолымыздан келгенше қызмет жасауымыз керек.
Ата аналарымызға жақсы мәміледе болып, ол кісілердің ақ батасын алып, Алланың Тағаланың рахымына бөленуді баршамызға нәсіп етсін. Әмин!
Мұсағали Қыздарбеков
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мештінің азаншысы