22
Жұма,
Қараша

һижри

Нәпсінің жетегіне ерудің қауіптілігі

Нәпсінің жетегіне ерудің қауіптілігі

Иман келтіру

Өз пайдасы үшін, өз нәпсісінің қалауына еру, әділетсіздік пен қыңырлық – дінде қайшылық, ыдырау тудыратындардың ең жаманы. Осы себепті Алла Тағаланың Кітабында мұсылмандар арасында жік тудырып, дінде қайшылықтар пайда болуына өз іс-әрекеттерімен ықпал ететін адамдар мысалға келтіріледі.

Алла Тағала ондай адамдарды Исламнан тыс қоятынын және олардан Өзінің таңдаулы елшісін бүтіндей арашалап алғанын білеміз, өйткені Құранда: «Діндерін бөліп, топтар болып кеткендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Расында, олардың ісі Алланың Өзіне ғана тиісті. Кейін оларға істегендерінің хабарын береді», – деп айтылған. Қауіп-қатер ешқандай айғаққа сүйенбейтін және ешқандай дәлел көзіне бағынбайтын қайшылықтарда жасырынған. Дәл осындай қайшылықтар талай адамның опат болуына себепші болған. Алла елшісінің (с.а.с.): «Шын мәнінде, сендерге дейінгі өмір сүрген (қауымдарды) көп сұрақтар берулері мен өз пайғамбарларымен келіспеулері опат етті», – деген сөздері де осыны нұсқайды. «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар», – деп Құран да осындай (дерттен) сақтандырады. Бұл айтылған ой Алла Тағаланың басқа сөздерімен де расталады: «Дегенмен өздеріне Кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін ғана бөлінді». Ислам негіздерінің біреуіне қатысты не қандай бір дәлелді қайшылықтарға келсек, ол мәселе бұл тарауда қарастырылмайды. Өйткені бұл қайшылықтар негіздерге қатысты емес, тарау-тарамдарға қатысты. Мұндай қайшылықтар үмбет мүшелері арасында алауыздық пен бөлінуге апармайды, керісінше шариғат негіздері мен қағидалары арасында ой-пікір еркіндігін беретін шариғаттың икемділігін дәлелдейді.

Сондай-ақ мұндай қайшылықтар мүшелері дұрыстығына және ақиқаттығына толық көз жеткізген және олар барынша салмақты деп есептеп, өздерін толық қанағаттандырған дәлелдері бар амалдармен ғана келісетін үмбеттің туралығының айғағы болады. Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Ор маңында (әл-Ахзаб) болған шайқастан (үйіне) келген Пайғамбар (с.а.с.) бізге: «Бәну Қурайза (мекенінде) болмаса, ешкім (басқа жерде) аср намазын оқымасын», – деді. Біздерден біреулеріміз намаздыгер уақытында жолда болдық та, біреулер: «(Олардың үйлеріне) бармайынша біз намаз оқымаймыз», – деді. Басқалары: «Біз (осы жерде) намаз оқимыз, өйткені бізден талап етілгені бұл емес» десті. Сонан соң бұл туралы Пайғамбарға (с.а.с.) айтып едік, ол олардың ешқайсысын теріске шығармады», – деген.

Бұл хадисте кімнің жеткілікті қаражаты болып, шамасы жетсе, өз өмірінде бір рет міндетті түрде қажылық өтеуі керектігі де айтылған.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: