22
Жұма,
Қараша

һижри

Пәк әрі қабыл болатын қандай амалдар?

Пәк әрі қабыл болатын қандай амалдар?

Иман келтіру

Мұсылманның амалдары пәк әрі қабыл болуы үшін ең алдымен оның ішіп-жеген тағамы таза және халал болуы қажет. Бұл хадисте адамның ісамалы тек халалды азық етсе ғана қабыл болатынына нұсқау бар және тыйым салынғандар іс-амалдарды бұзатыны, сондай-ақ олардың қабыл болуына кедергі жасайтыны айтылған.

Шындығында да Пайғамбарымыз (с.а.с.) алдымен: «Ей, адамдар! Расында Алла – Пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді», – деп (ескерткен де), сонан соң: «Шын мәнінде, Алла елшілеріне бұйырғанын мүміндерге де бұйырды, аса Жоғары Мәртебелі: «Ей, елшілер! Тек тазадан жеңдер де, ізгі амал істеңдер», – деді», – деген. Тағы Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсыларынан жеңдер», – деді. Демек, Алла Тағаланың елшілері мен олардың үмбеттеріне халал болған тазадан жеп, ізгі амалдар жасау бұйырылған. Тамағымыз халал болған кезде ғана (жасаған) амалдарымыз ізгі болады, егер тағамымыз харам болса, амалымыз қалай қабыл болмақ?

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Бір күні Алла елшісінің (с.а.с.) қасында: «Ей, адамдар! Жер бетіндегі халал таза азықтардан жеңдер», – деген аят оқылды. Сол кезде Сағд ибн Әбу Уаққас (Алла оған разы болсын) орнынан тұрды да: «Уа, Алланың елшісі! Алла Тағаладан менің дұғамның қабыл болуын өтінші», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, Сағд! Жеген тағамың халалдан болсын, сонда дұғаң қабыл болады. Мұхаммедтің жаны қолында болған (Алла) пен ант етейін, егер Алланың құлы бір түйір харам (нәрсені) жұтса, Алла оның амалдарын қырық күн бойы қабыл етпейді, ал кез келген пенденің харамнан нәр алған тәніне – тозақ лайықтырақ болады», – деп айтты», – деген. Және де Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Қарнында харамнан бір түйір бар адамның намазын Алла қабыл етпейді», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: