22
Жұма,
Қараша

һижри

Өзіне қатысы жоқ істермен айналысу – иманның әлсіздігі

Өзіне қатысы жоқ істермен айналысу – иманның әлсіздігі

Иман келтіру

Адамның өзіне қатысы жоқ істермен айналысуы өзінің күшқуатын босқа жұмсауы және иманының әлсіздігін көрсетеді. Бұл дүниеде адам өзін алуан түрлі істер мен қатынастар байланыстырып тұратын қоғамда ғұмыр кешеді.

Мұсылман аузынан шыққан әрбір сөзі үшін, өмірінің әр сағаты үшін, істеген әрбір ісі үшін жауапты болады. Егер ол маңайындағының барлығымен айналыса бастаса, өзіне қатыссыз істерге араласатын болса, өзінің тікелей міндет-парыздарын орындауға мүмкіндігі болмайды және бұл ісі оның мойнына жүктелген жауапкершілікті атқаруына қол­байлау болады. Бұл оны осы дүниеде жерге қаратып, ал мәңгілік дүниеде жазаға ұшыратады. Сөйтіп мұның бәрі оның түсінігінің жеткіліксіздігін және Пайғамбарымызға (с.а.с.) тән әдеп-ахлақтардың жүрегіне орнықпағанын көрсетеді.

Әнәс ибн Мәлик (Алла оған разы болсын): «Сахабалардың бірі өлгенде бір адам: «Ол жаннатпен сүйіншіленді», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Сен білмейсің ғой! Бәлкім ол өзіне қатысы жоқ іс туралы айтқан болар немесе өзінде артық болған дүние-мүлікке сараңдық танытқан болар?» – деді», – деген.

Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Заррға (Алла оған разы болсын): «Өзін-өзі білмейтін, бірақ өзіне қатысы жоқ іспен айналысатын адам жеткілікті дәрежеде жамандық істеген болады», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: