22
Жұма,
Қараша

һижри

Құлшылықтың дәрежелеріне сай тақуалықтың түрлері

Құлшылықтың дәрежелеріне сай тақуалықтың түрлері

Иман келтіру

Құлшылықтың дәрежелеріне байланысты тақуалықтың төмендегідей түрлері бар:

1. Алладан өзге нәрселерге мойын бұрмау;

2. Дініне толық мойынсыну;

3. Хақ тағаладан алыстататын нәрселерден үнемі сақ болу;

4. Нәпсінің құмарлығына бой алдырмау;

5. Рухани-материалдық нәрселердің бәрінің Алладан келгенін біліп, өз еңбегім деп тәкаппарланудан сақтану;

6. Өзін өзгеден жоғары санамау;

7. Алладан басқаны негізгі мақсат етпеу;

8. Құран мен хадистерге бағыну;

9. Айналада болып жатқан құбылыстардан ғибрат алып, рухани өмірін үнемі жаңалап отыру;

10.Өлімді естен шығармау.

Түптеп келгенде, тақуалық – кәусар бұлақ, тақуалар сол тұнықтан қанып ішкен бақыттылар. Әйтсе де, ондай мәртебеге қол жеткізгендер өте сирек.

Харам мен халалды ажыратып болмайтын қазіргідей аласапыран шақта қиындық атаулыға төтеп берер жалғыз күш – тақуалық. Парыздарды орындап үлкен күнәлардан сақтанудың өзі, қазіргі таңда нағыз тақуалық десек артық айтқандық емес. Өйткені, рухани құндылықтардың бағасы түскен қазіргі таңда күнә жасау абырой саналса, құлшылық жасауды ескішілдік деп түсіну де бар. Осындай арды аттап басқан арсыз қоғамда имандылықтан таймай салих амалдарда ықыластылық таныту аса қиын шаруа. Сол себепті бүгінгі таңда аз ғана ізгі амалдың өзі аса қымбат. Тақуалықта салих амал (ізгі іс) бар. Өйткені, харамды тәрк ету – уәжіп. Мыңдаған күнә жағамызға жармасып, етегімізден тартып жатқан мынадай сұрапыл заманда күнәға беттемеу, жүздеген уәжіпті иеленгенмен тең. Күнәдан аяқ алып жүргісіз бүгінгідей азғындаған қоғамда тақуалықты берік ұстанып, жамандықтан барынша сақтанудың өзі – ұлық іс.

материал «Кемелдік кілті» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: