23
Сенбі,
Қараша

һижри

Өзара өшпенділіктің (табағуд) харамдығы

Өзара өшпенділіктің (табағуд) харамдығы

Иман келтіру

Өшпенділік (буғд) дегеніміз – кез келген мүліктің не іс-амалдың белгілі бір қасиетін жексұрын деп есептеген адамның соған деген жиреніші.

Бұл сөздің баламасы – «караһа» сөзі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) егер бұл өшпенділік яки жек көрушіліктің себепшісі Алла Тағала үшін болмаса, мұсылмандардың бір-бірін жек көруіне тыйым салған. Шариғат бойынша адамдардың жан-дүниесін билеп алатын әуесқойлық, құмарлық секілді сезімдердің әсерімен мұсылмандардың бірін-бірі жек көруіне жол жоқ. Өйткені олар бір-бірін жанындай жақсы көретін бауырлар. Алла Тағала: «Шын мәнінде, мүміндер туыс қой», – деген. Алла елшісі (с.а.с.): «Жаным қолында болған (Алла) пен ант етемін! Сендер иманға келмейінше жаннатқа кірмейсіңдер, ал біріңді-бірің жақсы көрмейінше иманға келмейсіңдер», – деп айтқан.

Өзара өшпенділік, яғни бірін-бірі жек көрушілік екі адамнан бірдей немесе біреуінен шығады. Егер жек көрушілік Алла Тағала үшін болмаса, оған рұқсат етілмейді. Алла Тағала үшін пайда болған өшпенділік пендеге міндетті (парыз) саналады. Алла Тағала: «Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар», – деген. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Алла үшін жақсы көруші, Алла үшін жек көруші және Алла үшін беруші кәміл иманға ие», – деді.

Мұсылман адам өзіне қатысты істе адал болып, ашу-ыза, достық, әдет секілді амалдардың әсерінен туындайтын өшпенділік, жек көрушіліктен сақтануы тиіс. Себебі бұл адамды Алла Тағала үшін өшігу немесе жек көру мүмкіндігінен айырып, тыйым салынған өшпенділікке итермелейді.

б) Өшпенділік пен дұшпандыққа жетелейтін істің бәріне қатысты тыйым салынғандығы. Алла Тағала мұсылмандарға олардың арасында ашу, араздық пен дұшпандық тудыратын, мәселен, ішімдік ішу пен құмар ойынын ойнау (майсир) сияқты әрекеттердің бәрін харам етті. Аллаһ тағала: «Негізінен, шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі өшпенділік салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Сонда да тыйылмайсыңдар ма?» – деді.

Алла Тағала өсек айтуға тыйым салады, өйткені бұл дұшпандық пен өшпенділікке апарады. Бірақ адамдарды татуластыру үшін, татуласуға ынталандыратын, сөйтіп алауыздық-араздықты жою үшін өтірік айтуға рұқсат етеді. Алла Тағала: «Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, (сол қайырлы)», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: