Мұсылман әйел өзін ар-ұятты болуымен әсем етеді және еркекпен бірлесіп жер бетін гүлдендіруге, жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысады, сондай-ақ (мұндай істерде) оның сау-саламат әйелдік табиғатының тазалығы маңызды рөл атқарады.
Құран Кәрім осыны көрсетеді. Алла Тағала Шуғайбтың Мұсаны (аләйһис-сәләм) шақыруға келген екі қызының бірі туралы баяндап: «Сонда екі (әйелдің) бірі қымсына келіп: «Әкем, малымызды суарып бергенің үшін ақыңды төлемекке шақырып жатыр», – деді», – деген.
Яғни қыз әкесінің тапсырмасы бойынша Мұсаны шақыруға ұяла басып, ибалы түрде қымсына келген. Оның мінез-құлқында кішіпейілділікке жатпайтын, сұлулығын әйгілеп еркектердің құмарлығын қоздырып, өзіне қызықтыру әрекеттеріне, мақтанға ешбір қатысы жоқ ұяңдық бар еді. Ол жүріс-тұрысында анық ұялшақтық танытып қана қоймай, бөгелместен, асып-саспастан анық сөйлейді. Өзін осылай ұстауына оның таза да пәк, сау-саламат табиғаты бейімдейді, өйткені ар-ұяты бар қыз ер кісілермен кездескенде және олармен сөйлескенде табиғи ұятты бастан кешіреді.
Алайда өзінің пәктігі және туралығы себепті ол еліктіріп әкететін әзәзіл қызығушылыққа түсіретін және құштарландыратын көңіл тебіренісін бастан кешпейді, керісінше қандай дәрежеде анық та бірқалыпты сөйлеу қажет болса, сондай дәрежеде анық және бірқалыпты сөйлейді. Ал егер бұрын жаңбырлы күні су жұқтырмайтын әйгілі тәсілқой деген аты шыққан және осы кезде айтып жүргендей, өзін еркек секілді ұстайтын, жартылай жалаңаш, өзін көрмеге қойғандай көрсетіп жүретін, шариғат заңдары бойынша қажеті болмаған кездерде де бөтен еркектермен қарымқатынас жасайтын әйелдер туралы айтар болсақ, онда олардың Құран мен Ислам мектебінен тәлім-тәрбие алмағанын, Алла Тағалаға бойсұну мен арұятын Алланың дұшпандары итермелеген арсыздық пен бұзықтыққа айырбастап, дүние-ақыретте қор болатынын айтуға тиіспіз.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz