23
Сенбі,
Қараша

һижри

Адамдарға тегі емес, иманы мен амалы көмек береді

Адамдарға тегі емес, иманы мен амалы көмек береді

Иман келтіру

Барлық уақытта адамдар бір-бірімен туыстық немесе мүдделерінің ортақ болуы бойынша жақындасқан.

Ал Исламның негізгі міндеттерінің бірі – адамдар арасындағы иман бірлігі мен иман бойынша топтасудан басқа кез келген байланыс түрлерін үзу және дін мен амалдардың жәрдемі (құтқаруы), сенімі мен ұстанымы көмегінен басқа кез келген көзқарастағы жәрдем мен көмек түрлерін теріске шығару. Өйткені Алла Тағала: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне қамқоршы. Олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға және Оның елшісіне бойсұнады. Соларды Алла мейіріміне бөлейді. Расында Алла өте Үстем, аса Дана», – деді.

Егер мұсылмандар бір-біріне діни көзқарасы негізінде көмектесетін болса, Алла Тағала оларды Өзінің көмегімен және Өзінің таңдаулы елшісінің шапағатымен қамтамасыз етеді. Кімнің иманы кемелдірек болса, оған көрсетілетін қамқорлық пен көмек те соғұрлым көп болады. Кімде-кім ізгі амалды көбірек жасаса, ол соғұрлым Аллаһ тағалаға жақынырақ болады және басқаларға қарағанда шапағатшылықты көбірек пайдалана алады. Алла Тағала Өзінің таңдаулы Пайғамбарына (с.а.с.): «Шынында, менің Ием – Кітап түсірген Алла. Ол жақсыларға қамқорлық жасайды», – деп айтуды бұйырды.

Сондай-ақ Алла Тағала: «Алла – тақуалардың қамқоршысы»; «Алла – мүміндердің қамқоршысы»; «Өйткені Алла иман келтіргендердің қамқоршысы. Шындығында кәпірлердің (ешбір) қамқоршысы жоқ», – деді.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Расында, (пәленшенің) отбасы (мүшелері) менің қамқоршыларым емес, менің қамқоршым – тек қана Алла және
мүміндердің жақсылары», – деген.

Бұл туралы бір ақын:
«Адамның бағасы анықталар тек оның дінімен
Тақуалықты ұмытып кетпе, руыңа деген сеніммен.
Салманның Ислам дәрежесін көтерді,
Көп құдайшылық атақты Әбу Ләһабты жер қылды», – деп жырлаған.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: