23
Сенбі,
Қараша

һижри

Қандай іс адамның мәжбүрлікпен жасаған ісі?

Қандай іс адамның мәжбүрлікпен жасаған ісі?

Иман келтіру

Мәжбүрлікпен істелген істерге қатысты нұсқау-ереже, үкімдер мәжбүрлеу дәрежесі және істелген амалдың сипатына байланысты бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

а) Қандай да бір істі істеуге мәжбүр еткен жағдайда оны істеуге немесе істемеуге мәжбүрленуші адамның ешқандай еркі болмай, одан бас тартуға мүмкіндігі жоқ болса, оның қатты қысымға түскенін білдіреді. Мәселен, қолаяғын байлап, оны еркінен тыс бармауға ант ішкен жеріне апару. Ғұламалардың ортақ пікірінше, мұндай адамға күнә тағылмайды және ол өз антын бұзған болып есептелмейді.

ә) Егер жәбірленушінің харам істен бас тартуға мүмкіндігі болса, бұл бұлтартпайтын мәжбүрлеуге жатпайды. Мұндай жағдайға ұшыраған адамның іс-амалдары белгілі бір міндеттерді орындаумен байланысты болады. Мысалы, мұнымен келіспейтін адамды басқа біреуді дүрелеуге немесе қандай да бір амалды істеуге мәжбүр ету. Мұндай адамның бұл істі істемеуге мүмкіндігі болса, демек, ол өз таңдауында ерікті, бірақ оның мақсаты өзінен зарар-зиянды қайтару болады. Демек, ол бір жағынан өз қалауында ерікті, ал екінші жағынан онда ерік жоқ. Сондықтан да мұндай адамға осындай жағдайда белгілі бір міндет жүктеле ме, жүктелмей ме деген мәселеде пікірлер әртүрлі болған.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: