Умму Сәлама былай деді:
Мен Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегенін естідім: «Басына қайғы түсіп: «Біз Алладан келдік. Қайтадан Оған қайтамыз». Аллам қайғы-қасіретімнің орнына маған сауап бер. Осының артынан бұдан қайырлысын нәсіп ет» деп, дұға қылғандардың барлығының тілегі орындалады.
Умму Сәлама былай дейді: «Күйеуім дүниеден өткенде Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) үйреткен осы дұғасын оқыдым. Нәтижеде Алла маған ең қайырлы нәрсені нәсіп етті» (Мүслим, Жәнайз).
Хадиске түсініктеме:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайғыны былайша түсіндіреді: «Мүминге ауыртпалық түсіретін нәрсе қайғы болып есептеледі». Бір күні Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) шамы өшіп қалғанда (иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиун) деген екен. Мұны естіген Айша: «Бұл жай ғана шам ғой» қайғыға қандай қатысы бар дегенде Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Жамандық әкелген барша нәрсе мүминге қайғы болып есептеледі» деген.
Қайғы келген сәтте «Бақара» сүресінің (иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиун) (156)-аятын оқуды «истиржа» деп айтамыз. Яғни «Біз Алладан келдік, қайтадан Оған қайтамыз» деген мағынаны береді. Бұл сөздер арқылы барлық нәрсенің тіпті жанымыздың да Алланыкі екенін айтқан боламыз. Сайд бин Жубәйр былай дейді: «Осы үмбетке берілген мұндай нығмет басқа үмбеттерге берілмеген. Егер осы нығмет Якуб пайғамбарға (ғ.с.) берілгенде жоғалтып алған баласы Жүсіпті (ғ.с.) қайғырып іздемей, осы аятты оқыған болар еді».
Иман жүзді әйелге Раббысының жанында күнәсіз болғанға дейін өзіне әрі туыстарына қайғы келіп отырады. Оның ең үлкен қайғысы күйеуінен айырылуы. Мұндай сәттерде Умму Сәламаның жағдайын әрі Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) оған үйреткен дұғасын естен шығармау қажет. Қолдан келгенше сабыр сақтап, мазасыз күйге түсіп жүдеуден сақтану керек.
материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,
ummet.kz