Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) көзі тірісінде Византияға қарсы әскер жабдықталған болатын. Ол әскердің қолбасшысы етіліп жас ұлан Усама ибн Зәйд р.л.ғ. тағайындалған еді. Алайда, бүгін-ертең жорыққа шығады деп тұрған Усаманың р.л.ғ. әскері Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) дүние салуы себебінен Мадинаның сыртындағы Зу Хушуб деп аталын алқапта кідіріп қалды. Усама ибн Зәйд р.л.ғ. жаңа тағайындалған халифаның шешімін күтті.
Сахабалардың басым көпшілігі Усаманың р.л.ғ. әскерін муртадтарға қарсы қолдануды оң көрді. Алайда, Әбу Бәкр р.л.ғ. олардың дегенін қабыл етпей: «Құдай ақы! Тіпті, Пайғамбардың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) әйелдерінің аяғына жынданған иттер жабысып жатса да, мен Усаманың р.л.ғ. әйкерін кері қайтармаймын»-деді.
Осылайша Усама р.л.ғ. басқарған әскер Византияның шекарасына қарай бет алды. Нәтижеде, Византияға бет алған әскерді кездестіргеннің бәрі: «Мұсылмандар дәрменсіз болса, осындай үлкен әскерді византиялықтарға қарсы шығарар ма еді?»-деген ойда болды. Нәтижеде, муртадтарға еремін деп тұрған жұрт бетінен қайтты.
Шынын айту керек, бұқараның басым көпшілігі Усаманың р.л.ғ. әскері жайында жақсы хабар күтпеді. Алайда, Хақ Тағаланың қалауымен мұсылмандардың әскері бұл жорықтан жеңіспен оралды.
Осы оқиғаға қатысты Әбу Һурайра р.л.ғ. былай деген болатын: «Әбу Бәкр р.л.ғ. халифа болмаса, Алла Тағалаға құлшылық ететін адам қалмас еді». («Әл-Маусуға әл-муяссара фи ат-тарихи әл-ислам»)
Айта кету керек, Әбу Бәкрдің р.л.ғ. халифалық дәуірінде муртадтарға қарсы 11 жорық жасалды.
Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы