20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Күнді тоқтатқан

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Мұсадан (алейһис-сәләм)  кейін Исраилдіктерге көптеген пайғамбарлар келді. Солардың бірі Юсуфтың ұрпағынан болған Юшағ ибн Нун еді. Ол Мұсаның қасында жүріп оның тәрбиесінде болады. Тақуалық пен батырлықты Мұсадан үйренеді. Ол құранда былай көрініс табады: «Сол уақытта Мұса жігітіне»,-деген аяттағы жігіттің Юшағ болғанын және Мұсадан кейін пайғамбарлық келгенін тәпсір ғалымдары бірауыздан қолдады.

Юшағ исрайлдіктерді ертіп, құдыс қаласына бет алды. Әуелден-ақ олардың Құдысқа кіруін Алла жазған болатын. Бірақ олар өздерінің қырсық мінездері арқылы қырық жылдарын дала кезіп өткізді.

Юшағпен Құдысқа бет алғандар жаңа буын болатын. Олар Құдысты қоршауға алды. Ақырғы шешуші шайқас жұма күнінің екінді мезгіліне тура келді. Исрайлдіктердің сенімі бойынша сенбі күні Алла тыйым салған күн деп соғыспайтын. Ай күнтүзбесі бойынша күннің батуы-жаңа күннің басталуы болып саналады.

Екі тараптың кескілескен ұрысы нәтижесінде, Юшағтың жағы басым түсіп, жеңістің шеті көріне бастады. Егер күн батса, сенбі басталады. Исрайлдіктер үшін күн кетсе соғыста тоқтайды. Қолда тұрған жеңістен айрылып қалуы мүмкін, осыны ойлап, олар барын салып соғысты. Бірақ күн оларды күтіп тұрмады батуға айналды.

Сол кезде Юшағ пайғамбар күнге қарап: «Сен де әмірді орындайсың! Менде әмірді орындаймын! Алла маған оны тоқтат!»,-деп дұға қылып, Алладан сұрады. Сол мезетте күн орнында тапжылмай, жеңіс туы көтірлгенше тұрып қалды.

Әбу Һурайрадан(р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз: «Расында, күн Юшағтан басқа ешбір адамзатқа тоқтатылған емес. Ол Құдысқа барған сәтінде»[1],-деген. 

 


[1]Ахмадтан жеткен, «Пайғамбарлар қиссасы», 206.

ummet.kz-ақпарат

 

Бөлісу: