22
Жұма,
Қараша

һижри

Зүлкифл пайғамбар (а.с.)

Зүлкифл пайғамбар (а.с.)

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Зүлкифл пайғамбар туралы Ислам ғалымдары арасында әр түрлі пікір бар.

Тарихшы Табаридің еңбегінде Зүлкифл (а.с.) хазірет Әйюбтің ұлы және шын есімі – Бишр. 75 жылдық ғұмырын Шам халқын таухид сеніміне шақырумен өткізгендігі айтылады.[1] Оның «Зүлкифл» болып аталуының сыры – ол өзіне міндеттелген ауыр жауапкершіліктерді орындау жолында дүниеден өткен.

Басқа бір деректерде ол Илияс пайғамбардың заманында өмір сүргені айтылған. Хақ Тағала оны Илияс пайғамбардың орнына пайғамбар етіп жіберген. Сондай-ақ ғұламалар арасында оны пайғамбар емес, Исрайыл халқы арасында өмір кешкен салиқалы кісі деген көзқарас та бар. Әйтсе де Ибн Кәсир оның пайғамбар екендігін алға тартады. Оған дәлел ретінде ол туралы Құранда айтылған аяттарды көрсетеді. Құранда екі жерде «Зүлкифл» деп кездеседі. «Әнбия» сүресінде «Исмайыл және Ыдырыс және Зүлкифл. Бәрі де сабырлы жандар еді. Сондай-ақ оларды рақымымызға бөледік. Өйткені олар салиқалы кісілер еді»[2] деп айтылса, «Сад» сүресінде «Исмайылды және Әлиасаъны және Зүлкифлді есіңе ал! Бәрі де ізгі адамдар еді»[3] делінген. Құрандағы осы аяттардың мәніне үңілсек, оны пайғамбар деп топшылауға негіз бар сияқты. Өйткені оны екі аятта да пайғамбарлармен бірге мадақталған дейді Ибн Кәсир. Ендеше, оны пайғамбар деген көзқарас әлдеқайда басымырақ.

Оның салиқалы адам екендігін жақтағандар «Зүлкифл» деген ат Илияс яки Юша немесе Зәкәрия пайғамбардың лақап аты деп пікір білдірген. Дұрысын Хақ Тағала ғана біледі.

Материал «Пайғамбарлар тарихы» кітабынан алынды.

Ummet.kz


[1] Табари, Тарихул-үмәм уәл-мүлук, Бейрут, 1/195; Алуси, Рухул мәани, 17/82; 23/211 340

[2] «Әнбия» сүресі, 85-86

[3] «Сад» сүресі, 48

Бөлісу: