19
Жұма,
Сәуір

һижри

Әуелде көк біртұтас болған

Дін және ғылым
Жарнама

Жойқын жарылыс (big bang) теориясы дұрыс па? Оны Құрандағы «біртұтас» пен «ажырау» деп тәпсірлеуге келеме? Әлем әуелде тығыз тоқылған тоқыма сынды болып, кейіннен жіптері ыдыраған күйге ауысты деушілердің сүйенген жаңа ақиқаттары не?

a 1

Бауырларымыздың бірі (Алла одан және де пайдалы мәліметтермен бөлісе жүрген басқа да бауырладымызға разы болсын) science news сайтында жарияланған From Dark Matter to Light деген тақырыптағы жаңа зерттеуді жіберді. Оның мағынасы: «қараңғы материядан жарыққа» дегенді білдіреді. Бұл зерттеу алғашында Astrophysical Journal деген журналда жарияланған еді. Бұл зерттеуде менің көңілімді аулаған жәйт –аспан денелерін зерттеушілер ғарыш әлемінде өзіндік тоқымаға ұқсайтынын, және де бұл тоқыма ыдырап, сөгіліп жатқанға ұқсайды дегендері.

Осы тұста Алла Тағаланың мына сөзіне тоқтала кеткен жөн:

أَوَلَمْ يَرَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَاهُمَا وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ

«Қарсы болғандар, негізінде көктер мен жер біртұтас болғанын, кейін оларды ажыратқанымызды, және де әр тірі нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?» (Әнбия 30)

Араб тілінде «الرتق» (біртұтас) пен «الفتق» (ажырау) сөздері бір-біріне теріс ұғым болып табылады. «Мухит» сөздігінде былай делінеді: « «الفتق» сөзі ажырау, бөліну дегенді білдіреді. Бұл екі сөз тоқымаға қолданылады. Егер тоқыма жыртылып жіптері бір-бірінен алыстаса оған осы сөзді қолданады. Ал «الرتق» болса оның теріс ұғымы, ол осы тоқыма жамалып, біріктірілгенде қолданылады.

Ибн Касир (р.а) бұл аятты: «Көктер мен жерді әуелде біртұтас болғанын, өзара қосылып тұрғанын, бір-бірімен жабысып, қатпарласып тұрғанын көрмеді ме?» деп тәпсірлеген.

Ибн Касир бұл аяттан болмыстың (көк пен жердің) бір-бірімен қосылған, жабысысқан, қатпарланған материя болғанын түсінген. Бұл дегені әрине жаратылыстың басында болған. Сосын Алла көк пен жердің арасын ажыратып, бір-бірінен алыстатқан.

Егер жоғарыдағы ғалымдардың сөздерін ескерсек, онда олардың Ибн Касирдің айтқанын дәлме-дәл қайталап тұрғанын көреміз.  Олардың айтуынша әуелде болмыс тоқымаға ұқсас бір-бірімен жабысқан, байланысқан материя болған, сосын осы тоқымаға ұқсаған материя араға миллиардтаған жылдарды салып бейнебір тоқыманың ыдырағаны іспеттес бір-бірінен алыстай бастаған.

Ең қызығы, олар осы құбылысты ең қуатты компютерлерді қолдана отырып суретке түсіргендіктері. Нәтижесінде олар болмыс тоқымасының үнемі кеңейіп жатқанын, бейнебір жыртылған матаның ыдырағаны сияқты бір-бірінен алыстап жатқанын анықтаған.

 a 2

Компютердің көмегімен жасалған бұл суретте болмысты жаратылысынан кейінгі 450 миллионыншы жылда көреміз. Мұнда болмыстың бастауы болған материяның бір-бірімен тығыз тоқылып байланысқан матаға ұқсағанын байқаймыз (оң жақтағы сурет). Сөйтіп матаға ұқсаған бұл болмыс ыдырап, бір-бірінен алыстай бастағанын көресіз. Бұны суреттің сол жағындағы бөліктен, яғни болмыстың жаратылысынан кейінгі 6000 миллионыншы жылдан байқайсыз. Себебі онда арасындағы қара орындардың үлкейгені, тоқыманың аралары кеңейгені анық көрінеді. Материал http://www.sciencenews.org/articles/20080322/bob10.asp сайтынан алынды.

 

a 3

Мына оң жақ суретке қарайық, ол болмыстың жіптері іспеттес, ал енді сол жақтағы суретке қараңыз, онда да дәл осы жіптер, тек арада біраз уақыт айырмашылығы бар. Бейнебір ажырап жатқан тоқыма мата сияқты, тек бір ғана айырмашылық – өте керемет жүйемен ажырауда. Сонымен қатар, ғұламалар галактиканың осы жіптердің бойымен қозғалатынын байқаған. Бұл суреттегі жарық нүктелер – галактика жиынтықтары. Ендеше болмыстың осы біртұтастығына бір ой жүгіртіп көріңіз.

Аталмыш аяттың заманауи тәпсірі

Құран 14 ғасыр бұрын түскен, алайда мұсылмандар әлі кезге шейін оны жаңа қырынан түсінуге, мағыналарын игеруге, ғажайыптарын тануға асығуда. Құран Кәрім болмыс аяттарына толы.  Бұл аяттарға келгенде оларды ғылыми теориялармен тәпсірлеуге болмайды деп кескін шешім қабылдауға болмайды. Себебі мұсылман адам үнемі Құранға ой жүгіртіп, оның мағынасын түсінуге міндетті. Сол үшін де болмыс аяттары келгенде одан аттап кетуге болмайды. Керісінше оған ой жүгіртіп, ақиқатына жетуге тырысып бағу керек. Себебі ол да Құранның бір аяты, Құранның бір бөлігі.

Замандас ғұламаларымыз бұл аятты «жойқын жарылыс» (big bang) деп тәпсірледі. Бұл теория әлі күнге шейін түбегейлі нақтыланбаса да, қазіргі таңға шейін болмыстың қалай пайда болғанын ашықтайтын ең жақсы теория болып табылған. Бұл теория бойынша болмыс бір нүктеде болған делінеді. Ол кейіннен жарылып бөлшектері бірінен-бірі алыстай бастаған, сөйтіп осы бөлшектер азды-көпті топтаса келіп бүгінгі күнде баршамызға белгілі жұлдыздар, галактикалар, күн, ай, жер қалыптасқан.

a 4

Жойқын жарылыс теориясы азды-көпті дұрыс десе де болады. Себебі онда әлемнің басталуын дұрыс көрсеткен. Яғни, болмыс әуелде бір нүктеде болып, кейіннен бөліктері бір-бірінен алыстап галактикаларды, жұлдыздарды, планеталарды құрған. Алайда бұл теорияның қате тұсы да бар. Себебі болмыстағы бұл көркем жүйе жарылыс салдарынан туындауы мүмкін емес. Жарылыс салдары қирау мен құлдырауды ғана береді.

Бұл теорияның түсініксіз жері – әуелгі нүкте күйінде болған материя қайдан келгенін түсіндірмейді, жарылыстың себебін ашпайды. Жүйесіз орын алған бұл жарылыс осыншама жүйелі, шебер болмысты қалай жасауы мүмкін? Алайда, бұл теорияның осыншама шикі тұстары болса да, қазіргіге дейін қолымызда бар болған теориялардың ең тәуірі осы болғандықтан, ғұламаларымыз осы теорияға негізделуді жөн санаған.

Алайда, ғылым өрби келе, ғұламалар болмыстың жіпке ұқсас формасын алға тартып, әрі ол жіптер болмыстың бастау алар сәтінде бір-біріне өте жақын болып, сосын өте шебер, әрі жүйелі түрде бірінен-бірі алыстай бастағанын айтқаннан кейін, ғұламалар бұл көзқарасты болмыстың басталуының ең шынайы теориясы деп бағалады. Себебі бұл теория ғылыми зерттеуге сүйенген. Бұл зерттеу барысында ең алып, қуатты компютерлер қолданылған. Осы компютерге белгілі болған галактикалардың барлығын үштік өлшеммен өз орындарына қойып шыққан. Компютермен бұл амалды жасап біткен кезде ғұламалардың барлығы бірдей таңқалысты. Себебі олар галактикалардан түзілген жіптерге тап болды, олар бір бірімен өзара байланысқан, әрі олар бір-бірінен үнемі ұзақтауда. Бұл көрініс миллиарттаған жылдардан бері жалғасын тауып келеді.

Осы тұста, болмыстағы осы жіптердің жаратылыстың әуелгі сәтінде бір-біріне жақын болуы – ол Құрандағы айтылған «біртұтастық» дей аламыз. Ал оның осыншама шебер, әрі жүйелі түрде бір-бірінен алыстауы болса, ол тафсирде де, тілдік мағынада да бірдей айтылған «ажырау болмақ».

Ибн Аббас (р.а) бұл аятты қалай түсінді?

Ибн Аббас (р.а) бұл аятты өте кермет тәпсірлеген. Ол тәпсірдің мағынасы былай: ауелде аспан біртұтас болған, жаңбыр жаумайтын, сол сияқты жер де біртұтас болған, егін шықпайтын. Сөйтіп Алла Тағала аспанды  жаңбырмен, ал жерді болса өсімдіктермен ажыратты.

Бұл мәселені ғылыми тұрғыда қарастырар болсақ, онда жердің жаратылғаннан кейінгі беткі қабаты алаулаған от болғаны, онда ешбір өсімдік атаулының өспегені, сол сияқты атмосфералық қабат та құрылмағаны, яғни ешқандай жаңбырдың да жаумағаны анықталады. Жердің атмосфералық қабаты кейіннен барып пайда болған, бұлттар кейіннен түзілген. Ал жер болса, онда ыстығы бәсеңдеп, таулары, өзендері және көлдері пайда болғаннан кейін ғана өсімдіктерін шығара бастаған.

Бұл Құранның ұлылығы. Оны адамдардың әрбірі өз ғасырының әдебиеті мен ғылымына сай түсіне алады. Құранда еш қайшылық жоқ, оған көз салып, ой жүгіртсек бұл ақиқатты аңғарарымыз сөзсіз. Алла Тағала Құран Кәрімде осыны ескертіп:

أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآَنَ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِنْدِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلَافًا كَثِيرًا

«Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді» – дейді. (Ниса 42)

(Материал Абдуддаим Кахилдің мақаласынан алынды)

www.kaheel7.com

ummet.kz

Бөлісу: