24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Құран және жердің формасы

Дін және ғылым
Жарнама

Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَإِلَى الْأَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ

«Олар, жерге қарамай ма, қайтып төселген» – деген (Ғашия 20). Бұл жер планетасы шар формасында емес деген ұғымды бере ме?

Бірге ой жүгіртіп көрейік...

031121073

Технология ғасыры келіп Жер планетасының шар тәріздес екені, әрі ол өз бойында 1600 км/сағат жылдамдықпен айналатыны, яғни дыбыстың жылдамдығынан да жылдам екені дәлелденбейінше (дыбыс жылдамдығы 1200 км/сағ) адамдардың көпшілігі жерді тегіс деп ойлап жүрген-ді.

031121072

Ал Құран болса жердің бір орында тұрақты, немесе оның пішіні жазық іспеттес деп ешқашан айтпаған. Керісінше, Алла Тағала Құранда:

 وَإِلَى الْأَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ

«Олар, жерге қарамай ма, қайтып төселген» деді. Мұндағы «سُطِحَتْ» («төселген») деген сөз – адамдарға жеңілдетілді, жайлы қылынды деген мағынаны береді. Жердің бетінде қанша жүрсең де тіршілігің үшін жайлы, не істесең де ыңғайлы екенін көресің. Бұл аят жердің пішінін емес, тіршілікке ыңғайлылығын ашықтауды.

Мысалға айдың үстін алайық. Айдың да пішіні шар тәріздес болғанымен оның беті тіршілікке жарамсыз. Онда көне жанартаулардың ауыздары, төбелер мен сайлар т.б. нәрселер бар. Алайда жердің беті сияқты тіршілікке жарамды емес.

031121071

Алла Тағала Құранда айтады:

خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَ الْأَرْضَ بِالْحَقِّ يُكَوِّرُ اللَّيْلَ عَلَى النَّهَارِ وَ يُكَوِّرُ النَّهَارَ عَلَى اللَّيْلِ وَ سَخَّرَ الشَّمْسَ وَ الْقَمَرَ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى أَلَا هُوَ الْعَزِيزُ الْغَفَّارُ

«Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Ол тым үстем, аса жарылқаушы» (Зумар 5)

Бұл аяттан Құран Кәрім жердің шар тәріздес домалақ екенін баяндағанын көреміз. Себебі түнді күндізге, күндізді түнге айналдыру үшін айналып жатқан нәрсе (яғни жер) міндетті түрде домалақ болуы керек. Себебі арабтардың сөз қолданыстарында «التكوير» сөзі – айналу, оралу дегенді білдіреді. Мысалға, арабтар бұл сөзді сәлдені орағанда қолданады. Субханалла! Алла кемшілік атаулыдан пәк.

(Материал Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

Бөлісу: