21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Дінде шектен шығушылардың басты қателіктері

Дінде шектен шығушылардың басты қателіктері

Күдікпен күрес
Жарнама

Дінде шектен шығушылардың ұдайы күн тәртібіне қойып жүрген мына мәселелерге тоқталамыз:

Алла Тағалаға мекен беру;

Ашғари (Матуридилерді) кемсіту;

Фиқхи мазхабтарға еріп, олардаң жолдарын ұстануды жоққа шығару;

Білімсіз, жүйесіз пәтуа беру;

Мұсылмандардың басым көпшілігін айыптауға түрткі болған бидғат түсінігінің аясын кеңейту;

Дұға қылған кезде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне деп сұрауды (тәуассулды) харамға шығарып, оны Аллаға серік қосу деп санау;

Ішінде мазарлар салынған мешіттерде намаз оқуды харамға шығарып, оларды міндетті түрде бұзу керек деп ашық айту;

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бен ізгі тұлғалардың артында қалған заттармен тәбәрік (тәбәррук) етуді Аллаға серік қосу деп есептеу;

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күнін атап өтуді харамға шығарып, бидғат және адасушылық деп санау;

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабіріне зиярат жасауды және басқа да пайғамбарлар мен ізгі тұлғалардың қабірлеріне зиярат жасауды харам санау;

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) үміт артуды, шапағат сұрауды кіші шірк деп санау;

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ата-анасы тозақы деп үкім беру;

Мәйітке қандай да бір нәрсенің жетуін (мысалы Құран бағыштау, дұға ету) және зиярат жасаған адамды сезетіндігін мойындамау;

Зікір жасауды жоққа шығару;

Тәспі қолдануды мойындамау;

Сырт келбетке аса қатты мән беріп, құлшылықты киім киюмен өлшеу;

Түсінбей тұрып амал жасауға ұмтылу және уағыз бен ілімнің ара жігін ажырата алмау.

материал «Дінде шектен шыққандар» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: