21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бір мәзһабты тақлид ету – харам да емес, шариғатқа қайшы да емес

Бір мәзһабты тақлид ету – харам да емес, шариғатқа қайшы да емес

Күдікпен күрес
Жарнама

Тақлид – бір адамның сөзіне және бұл сөздің дұрыстығы жөніндегі дәлелді білместен ілесу дегенді білдіреді. Мұны тақлид десең де, ілесу, еру десең де бұлардың сөздікте еш айырмашылығы жоқ, екеуінің де мағынасы бірдей.

Муқаллидтің тек қана бір мәзһабты тақлид етуі (ұстануы) — харам да емес, шариғатқа қайшы да емес.

Ижтиһад ету және дәлелдерден үкім шығару қабілетіне жетпеген қарапайым адамдардың тақлидтен басқа жолы жоқ екенін жоғарыда айтып өттік. Енді мынаны сұрағымыз келеді: Муқаллид бір адамның әр күні жаңа бір имамды тақлид етуі дұрыс па? Бір ай бір имамды, екінші ай басқа имамды немесе бұл жылы біреуді, келесі жылы басқасын тақлид етуіне бола ма?

Әл-Мағсумидің айтуынша, егер берілген үкім осындай болатын болса, яғни муқаллидтің тақлид еткен имамын ұдайы ауыстырып отыруы керек болса, онда тақлидтың осылай жасауының қажеттілігіне орай бір дәлелі бар ма?! Бұған жауап ретінде мынаны айтуға болады: Қандай да бір мәселе жөніндегі үкімнің дәлелін білмеген адам үшін міндет болған нәрсе әлбетте «тақлид» ету. Ұлы Алланың: «Егер білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» деген аятының тікелей мағынасы тақлид етуді әмір етеді. Сонымен, білмегендер білгендерден сұрағанда және пәтуаларына ілескенде Алланың әмірін жүзеге асырған болады.

Егер, бір адам «бас тартусыз, еш ауыстырусыз тек бір ғана мүжтәһидті тақлид ету шарт» деп сенетін болса қателескен болады. Сондай-ақ, ол «мүжтәһидтің қателесуі мүмкін емес» деп, Алладан түскен үкім дәрежесі секілді қабыл етсе күнәһар болады.

Сол сияқты, бір адам да әр күні, әр сәтте мүжтәһидті ауыстырып отыру керектігіне сенсе қателескен болады. Кім «мүжтәһидтердің қателесуі мүмкін емес» десе немесе «олардың берген үкімдері — Алланың үкімдері» деп қабыл ететін болса күнаһар болады.

Олай болса, әрбір адам негізгі дәлелдерден үкім шығара алмайтындай дәрежеде болған мәселелердің барлығында мүжтәһид имамды тақлид етулері керек. Онсыз да Ұлы Аллаһ бұдан артығын әмір еткен жоқ еді, яғни ұдайы бір имамды тақлид етуді де, ұдайы ауыстырып отыруды да әмір еткен жоқ еді. Міне, ғұламалар мен мүжтәһидтер осылай иттифақ еткен және төменде келтіретін себептерге байланысты осылай үкім берген болатын.

Бірінші себеп: Бір ғана мәзһабпен жүру керектігі немесе ұстанған мәзһабын ауыстырып тұру керектігі. Бұған байланысты дәлелдің болуы шарт. Өкінішке орай, бұған байланысты ешбір дәлел жоқ. Өйткені, дәлелдерді зерттеп, одан үкім шығаруға қабілеттері жетпеген қарапайым адамдардың мүжтәһидті тақлид етулері керектігі туралы дәлелдерден басқа бұл туралы ешқандай дәлел жоқ. Бұл дәлелге қосылған әрбір шарт – бидағат, жалған және жарамсыз болып саналады.

Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткізілген сахих хадисте: «Алланың кітабында болмаған әрбір шарт қабыл етілмейді, қаласа бұл шарттардың саны жүзге жетсін» (Хадисті әл-Бәззар мен Тәбәрони риуаят етіп, бұған жақын мағынада Бұхари мен Муслимде Айшадан (Алла оған разы болсын) келтірілген мынадай хадис бар: «Адамдар қалайша Аллаһтың Кітабында болмаған шарттарды ойдан шығарады! Алланың Кітабында болмаған әрбір шарт батыл, жарамсыз, олардың саны жүзге жетсе де мейлі») делінген.

Екінші себеп: Мынаны айтқым келеді, Расулалладан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мутауатыр жолымен жеткізілген он түрлі қырағат бар болып, Құран Кәрім осы қырғаттармен оқылады. Белгілі бір имам риуаят еткен, оқыған және адамдарға үйреткен әрі адамдардың да үйренген бұл қырағаттардың әрбіріне тер төгіп қызмет еткен. Ижтиһад етуге қабілетсіз болған мұсылмандар төрт мәзһабтың қалағанымен қалайша жүруіне болатын болса, сол сияқты бұл қырағаттардың қалағанымен оқи алады. Олай болса мұсылмандардың тек бір қырағатпен оқуы харам болып, әр күні, әр сәтте қырағаттарын ауыстырып тұру қажет пе? Осы күнге дейін осылай ету керек деген ғалым болды ма? Әл-Мағсуми әр күні әр түрлі қырағатпен оқиды ма екен?

Діннің фәрғи мәселелерінде мүжтәһид имамдарға ілесу мен Құран оқығанда қырағат имамдарына ілесудің арасында қандай айырмашылық бар? «Мұсылмандар бұл қырағаттардан тек біреуін ғана үйрене алып, өзге қырағаттарды үйренуіне мүмкіндік болмауы мүмкін» дегендер де бар. Біз де олардан осы сияқты, мұсылмандардың төрт мәзһабтан тек бір мәзһабты үйрене алып, өзге мәзһабты үйренуге мүмкіндіктері болмауы мүмкін емес пе? – деп сұрағымыз келеді.

Қырағат имамдарына ілесу мәселесінде де, Фиқһ имамдарын тақлид ету мәселесінде де имамды ауыстырып тұру немесе ауыстырмау жөнінде ешқандай да дәлел жоқ. Олай болса, екі мәселеге де берілетін үкім бірдей болады.

Үшінші себеп: Сахабалар мен табиғиндар кезеңінде, төрт имамның кезеңі және одан кейінгі кезеңдердің ішінде біздер бұл кезеңнің имамдарының ешбірінің муқаллидтердің бір ғана имамды тақлид етулерін немесе үнемі ауыстырып отыруы керектігін айтқандығын еш көрмедік те естімедік. Тек мұның терісіне кез болдық.

Халифаның адамдарға сұрақтарын, шешімін таппаған мәселелерін пәтуа беретін имамға қоюларын жария ететін. Тіпті, халифаның әртүрлі пәтуаларға ұшырасқан адамдардың не істерін білмей абдырап қалмаулары үшін осы имамнан басқаларының адамдарға пәтуа беруіне тиым салған кездері де болған.

Меккеде пәтуа беруге тек Ата ибн Әби Рабах пен Мужаһид қана өкілетті болатын.
Халифа бұл екеуінен басқасының пәтуа бермеулеріне жарлық шығарған еді. ( Ибн әл-Имад, Шәзәратуз-Зәһәби 1/148)
Ата да, Мужаһид те және басқа ешкім де халифаның бұл жарлығына қарсылық танытпады әрі адамдардың бір ғана мәзһабпен жүрулеріне тиым да салмады.

Меккеліктер қаншама жылдар бойы осы екі имамның мәзһабына орай амал еткен болатын. Кейбір адамдар болса, сұрақтарын тек қана Абдулла ибн Аббасқа қоятын еді.

Мұның себебі де олардың қадірлі сахабаның берген пәтуасына қанағаттанатындығынан. Бірақ, адамдардың осылай әрекет еткендіктеріне тиым салғандығы жайлы ешқандай мағлұмат жоқ.

Ирактықтар болса, ұзақ жылдар бойы тек қана Абдулла ибн Мәсғуд пен оның шәкірттерінің көзқарастарын ұстанды. Бұған ешқандай ғалым наразылық танытпаған. Тіпті, осы секілді Хижаздықтар да ұзақ жылдар бойы тек қана Абдулла ибн Омар мен оның шәкірттерінен жеткізілген хадистерге сүйенген мәзһабпен жүрген болатын. Алайда, бұған да қарсылық танытқан бірде-бір ғалым болмаған.

Қарапайым адамдар болсын, фақиһтер, мухаддистер болсын миллиондаған адамдар төрт мәзһабты ғасырлар бойы тақлид етіп келеді. Библиография (өмірбаян) кітаптарында мәзһабтарды тақлид еткен мыңдаған мүжтәһидтердің есімдері көрсетілген.

Шафиғи мәзһабының ғұламаларының өмірбаянын әс-Субкидің «Табақатул- кубра» атты еңбегінен, Ханбали мәзһабының ғұламаларының өмірбаянын Ибн Ражәбтің «Табақатул-Ханабилә» атты кітабынан, Маликилердің ғұламаларының өмірбаянын Бурһаниддиннің «Табақатул-Маликия» кітабынан, ал Ханафилердің ғұламаларының өмірбаянын Хафиз әл- Қурашидің «Табақатул-Ханафия» атты кітабынан оқуыңызға болады. Иә, бұлардың ешбірі де, олардың ұстаздары да бір мәзһабпен жүрудің дұрыс еместігін айтпаған.

Енді сізге Имам Зәһәбидің сөздерін келтірейін. Зәһәби өз мәзһабының имамдарын тақлид еткен факиһтерден сөз қозғап, олардың қандай да бір мәселеде дұрыс дәлелге қол жеткізгендіктерін және бұларды себептерімен түсінген халде өз мәзһабінің имамдарының көзқарастарына көз жұма ілеспеулері шартымен тақлид етуді қолдауда. Мысалы, «Зағлул-ғилм уат- таләб» атты Рисәләсінде (жолдауында) былай дейді:

«Қазы және мүфтилердің күпірлікке түсуден ұзақ болу шартымен Малики факиһтері хайыр мен фазилет иелері».

«Ханафи факиһтері де сан-қилы сараптаудан тұратын көзқарас пен ақылға және тіпті олар секілді хайыр мен фазилетке ие адамдар».

«Шафиғи факиһтері болса, адамдардың ең ақылдысы және дінді ең жақсы білгендері. Мәзһабтары тұрақты болған муттасыл хадистерге ілесумен орныққан болып, мәзһаб имамдары мухаддистердің ұлылары болатын. Ей мұсылман! Егер сен Аллаға ғибадат етуің және бойыңдағы надандықтан ұзақтауың үшін осы мәзһабпен жүретін болсаң, хайырлы бір жолды ұстанған боласың».

«Ханбалилерге келетін болсақ, бұлар пайдалы ілімге ие болғандар еді. Олар діні бүтін адамдар болып, дүниеге аса көңіл аудармайтын. Адамдар бұлардың сенімдеріне қатысты кейбір нәрселерді айтуда. Яғни, «олар Алланы тәнмен сипаттайды» деп айыптауда. Дегенмен, Ханбалилер арасында өте аз адамдардан басқасы бұл нәрседен аулақ. Аллаһ оларды жарылқасын».

Осы мәзһабтармен жүретіндерді көр соқырлықпен фанатизмге түсулерінен және өз мәзһабтарын өзге мәзһабтардың ең жоғарғысы деп сенуден қайтарып: «Өз мәзһабыңызды мәзһабтар ішіндегі ең жақсысы және Алла жанында ең дұрысы деп ойламаңыз, өзге мәзһабтағылар да осылай ойламасын. Өйткені, қолыңызда оған байланысты ешқандай да дәлеліңіз жоқ. Керісінше, мүжтәһид имамдардың барлығы да хайыр және фазилет иелері болған адамдар. Бұл кісілерге қандай да бір мәселеге байланысты дұрыс жасаған ижтиһады үшін екі, қате ижтиһады үшін бір сауап бар» (Зағлул-ғилм уат-таләб, 14-16 беттер) делінген.

Мұсылман бауырларым, ойланып көріңіздер. Жоғарыда келтірген сөздер Ибн Тәймияның шәкірті, ұлы мухаддис хафиз Шәмсуддин әз-Зәһәбидің сөздері. Бұлардың барлығы муқаллидтің тақлид еткен адамын ұдайы ауыстырып тұруы керектігі жайлы дәлелдің жоқтығы мен ұдайы бір мәзһабпен жүрудің харам екендігін білдірген де дәлелдің жоқтығын көрсетеді.

Бұған қарағанда, бір мүжтәһид имамды немесе тек бір мәзһабпен жүруді харам деп айту – бидағат емес пе?

Оған қоса Шейх әл-Әлбанимен өткен арамыздағы пікірталаста ол бізден: «Мәзһабсыздықтың бидағат екендігіне, сахаба мен табиғиндардың арасында тек бір мүжтәһидті тақлид еткендердің бар екендігіне орай бұл Рисәлада бар ма?» деп сұрады.

Біз оған: «Рисаләні оқып көрген бе едіңіз?» дегенде ол «Иә, ин ша Алла» деп жауап берді. Бірақ, «ин ша Алла» деп не үшін айтқанын түсінбедім.
Инша Алла рисәләні оқыған екен. Бірақ, Меккеде тек қана Ата ибн Әби Рабах пен Мужаһидтің пәтуа беруге өкілетті болғандығын таба алмапты.

Ин ша Алла рисәләні оқыпты, алайда Ирактықтардың Абдулла ибн Мәсғуд пен оның шәкірттерінің рай көзқарасын ұзақ жылдар бойы ұстанғанын, Хижаздықтардың да Абдулла ибн Омардың мәзһабЫмен жүргендігінің шариғатта дұрыс не бұрыс екендігін таба алмапты.

Бір жағынан осындай ашық дәлелдерді көрмеу, бұлардың барлығына қарамастан бір мәзһабты ұстануды харам деп айту – діннің негізіне сүйенілмеген, бидағат болып саналады. Екінші жағынан, адамдардың көбінің өз ойлары мен ақылдарына ілескен мына заманда мәзһабсыздыққа шақыру – Ислам шариғатына қатер төндірген ең қауіпті бидағат.

материал «Мәзһабсыздық – ең қауіпті бидағат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: