Діни бидғат сенім мәселелерінде, сөздерде және амалдарда болады.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Бидғат екі түрлі болады: сөздерде, сенімде; сондай-ақ амалдар мен құлшылықта”. (“Мәжму’ул-фәтауа” 22/306).
Шейх ‘Али Мәхфуз: «Бидғат екі түрлі болады: сенімде және амалдарда. Сенімдегі бидғат – бұл Пайғамбар мен сахабалар сенген нәрсеге қайшы келетін нәрсеге сену. Әрі мұндай сенімдегі бидғат амалдағы бидғаттармен қоса көрініс табады ма, жоқ па – бұл маңызды емес», - деп айтқан. («әл-Ибда’» 54).
Сенімдегі бидғаттың мысалы ретінде хауариждердің, му’тазилилердің, қадарилердің, рафидилердің, муржилердің және т.б. сол сияқты ағымдардың бидғаттарын келтіруге болады.
Амалдардағы бидғатқа келер болсақ, ол туралы шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: «Амалдардағы бидғат – бұл дінде Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бекітпеген құлшылықты бекіту. Шариғатта орындалуы парыз немесе мустахаб екендігін көрсететін бұйрық болмаған кез келген құлшылық – амалдардағы бидғатқа жатады». (“Фәтауа әс-Са’дия” 63-64).
Сөздердегі бидғатқа келер болсақ, оларға жоғарыда айтылған ағымдардың сенім мәселесіндегі адасушылығынан келіп шығатын сөздері жатады. Сондай-ақ сөздердегі бидғатқа Алланы еске алу сөздерінің (зикр) шариғатта бекітілмеген кез келген түрі жатады.
материал «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,
ummet.kz