22
Жұма,
Қараша

һижри

Үлгілі әйелдер

Мінбер

Алланың елшісі Мұхаммед с.а.у хадистерінде ұят турасында: «Адамнан ұялмаған Алладан ұялмас», «Ұят қай жерде болса, сол жерді көркейтпек» деп сипатталады.

Құран Кәрімдегі қошталған әйел сипаттары:

 

1.«Муслимат», яғни Алла тағаланың бұйрықтарына көніп, мойынсұнушылар;

2. «Муминат», яғни Аллаға және қиямет күніне иман еткендер;

3.«Қанитат», Алла тағаланың бұйрықтарына шын көңілмен мойынсұнғыш әйелдер;

4.«Садиқат», яғни шыншыл, ақиқатқа қызметші, ақиқатқа нұсқаушы әйелдер;

5.«Хошиғат», яғни Алланың бұйрықтарына кішіпейілдікпен бас июші әйелдер;

6. «Мутасаддиқат», яғни садақа берумен қайырымдылық жасаушы әйелдер;

7. «Саимат», яғни ораза ұстаушылар;

8. «Таибат», яғни тәубе (біліп білмей еткен күнәларына өкініп, істегенінен бас тарту) етушілер;

9. «Закират», яғни Алла тағаланы көп еске алып зікір етуші әйелдер;

10. «Сабират», яғни сабыр етуші әйелдер;

11. «Абидат», яғни Алла тағалаға құлшылық етуге жаны құмар әйелдер;

12. «Саихат», яғни күнә мен жамандықтан сауап пен жақсылыққа көшуші әйелдер;

13. «Салихат» яғни, салихалы (Алла тағаланың бұйрықтарын орындаушы әйелдер);

14. «Хафизат», яғни ар-намысын сақтаушы әйелдер;

Алла тағала мұндай сипатқа ие болған әйелдерге жарылқау мен тосынсыйлар уәде еткен. Бұл сипаттардың мағанасына терең зер салу барысында әйел кісі рухани кемелдену мен өз ахлағын шыңдауда ер кісілерден ешқандай айырмашылығы жоқ екенін ұғамыз. Әйелдер де бөлек рух, жеке қалау мен ерік иесі екенін білеміз.

Құран кәрімде «уа иман еткендер» деген мағанадағы аяттар көп кездеседі. Ол аяттардан да ерлер мен әйелдерді бөліп қарамағанын байқаймыз. Алайда кей аяттарда әйелдерді ер кісілерден бөліп арнайылап та айтылған. Мысалы ««وَ مَن عَمِلَ صَلِحاً مِّن ذَکَرٍ أَو أُنثَی وَ هُوَ مُؤمِنٌ فَأُولَئِکَ یَدخُلُونَ الجَنَّةَ»», сонымен қатар ««مَن عَمِلَ صَلِحاً مِّن ذَکَرٍ أَو أُنثَی وَ هُوَ مُؤمِنٌ فَلَنُحییَنَّهُ حَیوةً طَیِّبَةً وَ لَنجزِیَنَّهُم أَجرَهُم بِأَحسَنِ مَا کَانُوا یَعمَلُونَ» (نحل:97)»-деп арнайылап әйелдер де өздері жеке дара салихалы амалдар жасап сауаптар мен жақсылықтарға кенелуі мүмкін екендігін айтыды.

Міне, осы тұста әр бір әйел және ер кісі Ислам дінінің жүйелерін орындау арқылы рухани әрі материялдық кемелдіктерге сонымен қатар тыныштық пен жайлылықтың негізі болған тәтті тұрмысқа жете алуы мүмкін екені анық түсінікті болды. Әйел кісі ер кісі сияқты Ислами жүйеде жеке әрі азат.

Құранда Алла тағала: «Әр бір нафс істеген ісінің роһині» деген. Сонымен қатар, «Ниса» сүресінің 32-ші аятында: «لِّلرِّجَالِ نَصِیبٌ مِّمَّا اکتَسَبُوا وَ لِلِنِّسَآءِ نَصِیبٌ مِّمَّا اکتَسَبنَ» (نساء:32)» «Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән» дегендей, әйел кісі де өз ісіне жауап береді, өз ісіне өзі ие.

Кейбір құқықтық тұрғыдан кейбір айырмашылық болғанымен рухани кемелдену мен тұлғалық тұрғыдан ер мен  әйел арасында ешбір айырмашылық жоқ.

Құрандағы үлгі алынатын әйелдер

1. Мариям Ғимранқызы.

Мариямның анасы Ғымранның жұбайы (Фақуза қызы Ханна):  салиқалылықтың озық үлгісін көрсеткен еді. Құрсақ көтергенде баласын «Байтул муқаддасқа» қызмет етуіне нәзір етіп атаған еді. Көзінің қарашығындай болған «жар дегенде жалғыз» перзентін нәзір етіп атауы ол кісінің жүрегінің иман, ибалылықпен шыншылдық және ықылас пен пәктіктің бұлағы екендігінен хабар беріп тұратын еді. Алайда, ол ұл емес қыз туып өзінің қыз туғаны жайлы Алла тағалаға жалбарынғанда Алла тағала ол кісінің ықыласы мен шыншылдығын қабыл қылып, қызын өз кепілдігіне алып, әлемдегі әйелдердің абзалы еткен еді.

إِذْ قَالَتِ امْرَأَةُ عِمْرَانَ رَبِّ إِنِّي نَذَرْتُ لَكَ مَا فِي بَطْنِي مُحَرَّرًا فَتَقَبَّلْ مِنِّي إِنَّكَ أَنتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ

فَلَمَّا وَضَعَتْهَا قَالَتْ رَبِّ إِنِّي وَضَعْتُهَا أُنثَى وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا وَضَعَتْ وَلَيْسَ الذَّكَرُ كَالأُنثَى وَإِنِّي سَمَّيْتُهَا مَرْيَمَ وَإِنِّي أُعِيذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ

فَتَقَبَّلَهَا رَبُّهَا بِقَبُولٍ حَسَنٍ وَأَنبَتَهَا نَبَاتًا حَسَنًا وَكَفَّلَهَا زَكَرِيَّا كُلَّمَا دَخَلَ عَلَيْهَا زَكَرِيَّا الْمِحْرَابَ وَجَدَ عِندَهَا رِزْقًا قَالَ يَا مَرْيَمُ أَنَّى لَكِ هَذَا قَالَتْ هُوَ مِنْ عِندِ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ يَرْزُقُ مَن يَشَاء بِغَيْرِ حِسَابٍ

Ғымранның жұбайы (Фақуза қызы Ханна): «Раббым! Ішімдегіні азат қылған түрде Саған арнадым, менен қабыл айла! Расында, Сен өзің аса естуші, білушісің» деді. (35)

Сонда ол, қыз тапқан сәтте: «Раббым! Шынында мен қыз таптым» деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл, қыздай емес. «Мен оның атын Мәриям қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын» деді. (36)

Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем түрде өсірді және оған Зәкерияны (Ғ.С.) ие қылды. Зәкерия оның хұжырасына әр кіргенде оның қасында қорек тапты. «Әй, Мәриям! Осы саған қайдан келді?» деді. Мәриям: «Ол Алланың қасынан, шәксіз Алла қалаған құлын есепсіз ризықтандырады» деді. (37)

Мариям Ғимранқызы пәк қыз болып өседі. Бөтен ерлерден аулақ болып, өз ары мен абыройын сақтай білуін Құран кәрімде үлгі тұтарлық қасиет етіп көрсетілген. Ол кісінің таңдаулы болуына қатысты Алла тағала Тахрим сүресінің 12-ші аятында «وَمَرْيَمَ ابْنَتَ عِمْرَانَ الَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهِ مِن رُّوحِنَا وَصَدَّقَتْ بِكَلِمَاتِ رَبِّهَا وَكُتُبِهِ وَكَانَتْ مِنَ الْقَانِتِينَ», яғни «Сонымен қатар, (мүміндер үшін) ары мен абиырын сақтай білген Имран қызы Мәриямды да мысалға келтірді. Біз Оған рухымыздан үрледік. Ол Раббысының (бұйрық, тыйым, уәде,ескерту мағыналарын білдіріп уахи жолымен түскен) сөздері мен (құлдарына түсірген) барлық кітаптарын шын көңілден мақұлдады. Ол (Аллаға) жан-тәнімен, бар ықыласымен мойынсұнғандардың бірі һәм бірегейі болды» деп, барша мүмін ер және әйелге мысал еткен.

2. Әсия Музахим қызы – Имандылықтың нышаны.

Әсия кәміл мүмін әйелдердің мысалы болған. Ол кісі Мысырды билеген Ферғауынның әйелі еді. Мұса ғ.с.-ды Ніл өзенінде сандықшамен ағып келе жатқанда тауып алып, көзінің қарасындай көріп, Ферғауынның жендеттерінен аман алып қалған еді. Мұса ғ.с.-мен Һарун ғ.с. сиқыршылардың сиқырының көзбояушылық екенін дәлелдеп жеңіп шыққанда иман келтірген еді. Иман келтіріп, бір Алладан басқа құдай жоқ екеніне сеніп, Ферғауынның «Мен Құдаймын» деген бос сөзінің далбаса екенін ашық айтқанда Ферғауын оны ыстық күннің астында қазықтарға керіп қойып азаптайды. Періштелер қанаттарымен көлеңкелеп, қиындығын жеңілдетеді. Ашуланған Ферғауын үлкен таспен бастырып өлтірмекші болады. Сол кезде Әсия Музахимқызы «Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар» деп жалбарынады. Алла тағала ол кісіге жаннаттағы үйін көрсеткенде нығметке кенелетініне сүйсініп күлімдейді. Ферғауын «мен оны азаптап жатсам, бұл күлгені қалай?» деп, үлкен тасты үстінен құлатады.  Ферғауынның тасы үстінен құламай тұрып Алла тағала ол кісінің жанын алады. Үлкен тас жаны жоқ бос денеге түседі. Әсия ешқандай қиыншылықты сезінбеген еді.

 Құранда ол кісі мүмін ерлер мен әйелдерге мысал ретінде таныстырылған. Алла тағала Құран кәрімде: «وَضَرَبَ اللَّهُ مَثَلا لِّلَّذِينَ آمَنُوا امْرَأَةَ فِرْعَوْنَ إِذْ قَالَتْ رَبِّ ابْنِ لِي عِندَكَ بَيْتًا فِي الْجَنَّةِ وَنَجِّنِي مِن فِرْعَوْنَ وَعَمَلِهِ وَنَجِّنِي مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ» «Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді» деген. Ол кісі мүмін әйел еді. Иманында берік тұрып, зұлымдыққа бой алдырмаған еді. Оған ешқандай пасаттық орта әсер ете алған жоқ.

3. Сара анамыз.

Ол кісінің ерекше қасиеті бейілінің кеңдігі еді. Ибраһим а.с. өте қонақжай болып, көбінесе қонақпен бірге тамақтанатын болған.  Ол кісі келген қонаққа кеңпейілділік танытып, ашық қабақпен қарсы алып күтіп-сыйлап жіберетін еді.  Ол кісінің қонақ күтудегі ерекше ықыласы Құран кәрімнің Һуд сүресінің 69-шы аятында «وَلَقَدْ جَاءَتْ رُسُلُنَا إِبْرَاهِيمَ بِالْبُشْرَى قَالُواْ سَلامًا قَالَ سَلامٌ فَمَا لَبِثَ أَن جَاءَ بِعِجْلٍ حَنِيذٍ» «Расында, елші (періште) леріміз Ыбырайым (Ғ.С.) ға хош хабармен сәлем берді. Ыбырайым (Ғ.С.) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді. (69)» деген. Сондай-ақ Зарият сүресінің 26-шы аятында «فَرَاغَ إِلَى أَهْلِهِ فَجَاءَ بِعِجْلٍ سَمِينٍ» «Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді. (26)» делінген. Ол кісінің көкейі иманға толған, періштелермен сұхбаттас болған әйелдерден еді. Мұндай қасиетке ие болған күйеуіне адал жар болған Сара анамызға қартайған шақта екі перзент беріліп, ол екеуі де пайғамбарлық нығметіне қол жеткізді. Ол жайлы «Зарият» сүресінің 28-30-шы аяяттарында:

 «فَأَوْجَسَ مِنْهُمْ خِيفَةً قَالُوا لا تَخَفْ وَبَشَّرُوهُ بِغُلامٍ عَلِيمٍ

فَأَقْبَلَتِ امْرَأَتُهُ فِي صَرَّةٍ فَصَكَّتْ وَجْهَهَا وَقَالَتْ عَجُوزٌ عَقِيمٌ

قَالُوا كَذَلِكَ قَالَ رَبُّكِ إِنَّهُ هُوَ الْحَكِيمُ الْعَلِيمُ»

«Олардан тіксініп, қорықты. Олар: “Қорықпа!”,- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты. (28)

Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: “Баладан қалған бір кемпірмін” деді. (29)

Олар: “Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші” десті. (30)» делінген.

فَأَقْبَلَتِ امْرَأَتُهُ فِي صَرَّةٍ فَصَكَّتْ وَجْهَهَا وَقَالَتْ عَجُوزٌ عَقِيمٌ

Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды  да: “Баладан қалған бір кемпірмін” деді. (29

 قَالُوا كَذَلِكَ قَالَ رَبُّكِ إِنَّهُ هُوَ الْحَكِيمُ الْعَلِيمُ

Олар: “Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші” десті. (30)

Сонымен қатар Һуд сүресінің 71-ші аятында:

 «وَامرَأَتُهُ قَآئِمَةٌ فَضَحِکَت فَبَشَّرنَهَا بِإِسحَقَ وَ مِن وَرَآءِ إِسحَقَ یَعقُوبَ» (هود:71)

(Ыбырайым Ғ.С.) ның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Сонда оны Ысхақ және артынан Яғқұппен қуандырдық. (71)

4. Құран кәрімде үлгі алынатын асыл аналардың бірі – Мұса пайғамбардың анасы Яхабид. Ол кісі Алла тағаланың бұйрығына мойынсұнудың жоғары үлгісін көрсеткен. Яхабид көзінің қарашығындай болған ұлын Алланың бұйрығымен өзенге тастаған еді.  

         Мұса пайғамбар туылған жылдары Мысыр Перғауынының (патшасының) елде «Израил әулетін әлсіретіп қолда ұстау» жайлы жарлығы бар еді. Ол үшін Израил әулетінде туылған жаңа туған сәбилерді екі жылдың бірінде өлтіріп отыратын еді. Мұса пайғамбардың анасы өзінің туған баласын Перғауынның жендеттерінен жасырып ұстаған еді. Алайда жендеттер қандайда бір жолдармен Яхабидтің ұлының бар екенін біліп қойып, оның баласын өлтірмекші болған кезде, абыржып қалған болатын. Сонда Алла тағала ол кісіге илһам етіп өз баласын сандықшаға салып өзенге ағызып жіберуді бұйырады. Яхабид Алла тағаланың бұйрығын екі еткізбей Алла тағалаға тәуекел етіп баласын сандықшаға салып суға ағызды. Тағдырға тән беріп істің ақырының қайырын тілеумен отырды. Алла тағала көпке созбай Алланың әмірін екі еткізбей орындаған бұл анаға баласын қолына қайтарып, көзінің нұрын раушан етті. 

Ол жайлы құран кәрімнің қасас сүресінің 7-ші аятында: «وَأَوْحَيْنَا إِلَى أُمِّ مُوسَى أَنْ أَرْضِعِيهِ فَإِذَا خِفْتِ عَلَيْهِ فَأَلْقِيهِ فِي الْيَمِّ وَلَا تَخَافِي وَلَا تَحْزَنِي إِنَّا رَادُّوهُ إِلَيْكِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ الْمُرْسَلِين»

Мұсаның анасына: “Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз” деп, көкейіне салдық. (7)

Сонымен қатар: «وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَى فَارِغًا إِنْ كَادَتْ لَتُبْدِي بِهِ لَوْلَا أَنْ رَبَطْنَا عَلَى قَلْبِهَا لِتَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ  وَقَالَتْ لِأُخْتِهِ قُصِّيهِ فَبَصُرَتْ بِهِ عَنْ جُنُبٍ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ  وَحَرَّمْنَا عَلَيْهِ الْمَرَاضِعَ مِنْ قَبْلُ فَقَالَتْ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَى أَهْلِ بَيْتٍ يَكْفُلُونَهُ لَكُمْ وَهُمْ لَهُ نَاصِحُونَ  فَرَدَدْنَاهُ إِلَى أُمِّهِ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ وَلِتَعْلَمَ أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَلَكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті. (8)

Перғауынның әйелі: “Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз” деді. Өйткені олар, сезбеді. (9)

Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады. (10)

Анасы, Мұсаның әпкесіне: “Оның соңына түс” деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді. (11)

Бұрын емізушілерді оған арам еттік. Сонда оның әпкесі, Оларға: “Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?”,-деді. (12)

Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді. (13)

Шуайб қыздары – ұяңдықтың үлгісі.

Сафура – Шұғайб пайғамбардың қызы. Ол әкесінің қартайып іске жарамауына байланысты өзінің сіңілісімен бірге күн сайын қойларын көкке шығарып бағып келетін еді. Мұса өз елінен көшкен кезде көп ер кісілердің құдық басына жиналып өздерінің малдарын суғару үшін су шығарып жатқанын көреді. Бірақ Шұғайб пайғамбардың қыздары өздерінің ұяңдығынан ер кісілердің ортасына барып су шығарып қойларын суғара алмайтын еді.  

Мұса ғ.с. барып Шұғайб пайғамбардың қойларын суғарып береді. Онымен қоса ыдыстарын да суға толтырып береді. Істі бітіргеннен соң Мұса ғ.с. шетке шығып көлеңкеде отырғанда қыздарды әкесі Мұса пайғамбарды шақыруға қыздарын жібереді. Сонда ол қыздар ибалылық пен ұяңдық танытып келіп: «Әкем бізге жасаған қызметіңіз үшін сыйлық беру үшін сізді шақырады» деп айтады. Бұл жайлы Құран кәрімде: «وَلَمَّا تَوَجَّهَ تِلْقَاء مَدْيَنَ قَالَ عَسَى رَبِّي أَن يَهْدِيَنِي سَوَاء السَّبِيلِ

وَلَمَّا وَرَدَ مَاء مَدْيَنَ وَجَدَ عَلَيْهِ أُمَّةً مِّنَ النَّاسِ يَسْقُونَ وَوَجَدَ مِن دُونِهِمُ امْرَأتَيْنِ تَذُودَانِ قَالَ مَا خَطْبُكُمَا قَالَتَا لا نَسْقِي حَتَّى يُصْدِرَ الرِّعَاء وَأَبُونَا شَيْخٌ كَبِيرٌ

فَسَقَى لَهُمَا ثُمَّ تَوَلَّى إِلَى الظِّلِّ فَقَالَ رَبِّ إِنِّي لِمَا أَنزَلْتَ إِلَيَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

فَجَاءَتْهُ إِحْدَاهُمَا تَمْشِي عَلَى اسْتِحْيَاء قَالَتْ إِنَّ أَبِي يَدْعُوكَ لِيَجْزِيَكَ أَجْرَ مَا سَقَيْتَ لَنَا فَلَمَّا جَاءَهُ وَقَصَّ عَلَيْهِ الْقَصَصَ قَالَ لا تَخَفْ نَجَوْتَ مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

قَالَتْ إِحْدَاهُمَا يَا أَبَتِ اسْتَأْجِرْهُ إِنَّ خَيْرَ مَنِ اسْتَأْجَرْتَ الْقَوِيُّ الأَمِينُ

قَالَ إِنِّي أُرِيدُ أَنْ أُنكِحَكَ إِحْدَى ابْنَتَيَّ هَاتَيْنِ عَلَى أَن تَأْجُرَنِي ثَمَانِيَ حِجَجٍ فَإِنْ أَتْمَمْتَ عَشْرًا فَمِنْ عِندِكَ وَمَا أُرِيدُ أَنْ أَشُقَّ عَلَيْكَ سَتَجِدُنِي إِن شَاء اللَّهُ مِنَ الصَّالِحِينَ»

Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: “Раббымның, маған тура жол көрсетуін үміт етемін” деді. (22)

Мәдян суына барған кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып тұрған екі әйел керді де: “Екеуіңнің бұйымтайларың не?”,-деді. Екеуі: “Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал” деді. (23)

Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: “Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең мұқтажбын” деді. (24)

Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: “Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады” деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): “Қорықпа! Залым елден құтылдың” деді. (25)

Екі қыздың бірі: “Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың қайырлысы да, күшті, сенімдісі” деді. (26)

(Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): “Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың” деді. (27)

Кейбір риуаяттарда келуі бойынша Шұғайб ғ.с.-ның қыздары Мұса ғ.с.-ны әкесіне қарай алып келе жатқанда «Сіз менің алдымда жүріңіз. Егер оңға бұрылу керек болса оң жағыңызға тас атамын, солға қарай жүру керек болса сол жағыңызға тас атамын. Сізге сөйлеуден де ұяламын» деген екен. Ұяттылық пен ұяңдықтың озық үлгісі бойларынан таылғандықтан Құран кәрімде үлгі етіп көрсетілген.

6. Иша Ғимран қызы. Ол кісі ешбір әйелге берілмеген бақытқа қол жеткізген әйел еді. Оның күйеуі де адамзаттың абзалы, Алла елшісінің нағашы апа да болған. Сонымен  қатар, есімі Құран кәрімде айтылған Ғимранның қызы. Құранда ардақталған отбасының қызы еді. Бұл кісі тектілектің үлгісі еді. Ол кісі бұндай жақсылыққа, ешбір әйелге берілмеген бақытқа қол жеткізуіне себеп болған игі амалы Құран кәрімде:

{إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ} ثلاثة أسباب للصلاح وللعطاء ولعلاج العقم: المسارعة بالخيرات، والدعاء رغبة ورهبة، وخشوع قلوبهم لله،

َاسْتَجَبْنَا لَهُ وَوَهَبْنَا لَهُ يَحْيَى وَأَصْلَحْنَا لَهُ زَوْجَهُ إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ

Біз оның да дұғасын қабыл алдық және оған Яхияны сыйладық. Сол үшін жұбайын оған бала тауып бере алатындай жағдайға келтірдік. Расында, олар (Зәкәрия, жұбайы және ұлдары Яхия) жақсылық жасауда бір-бірімен асыға жарысатын, сондай-ақ (рақымымыздан) үміт етке, әрі (қаһарымыздан) қорыққан күйде Бізге жалбарынатын. Олардың Бізге деген сый-құрметі мен мойынсұну, шынында да, ерекше еді.

(Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхияны бердік. Әрі жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар, жақсылықтарға ұмтылады. Бізден үмітпен қорқу арасында тілейді де, бізге бәйек болады. (90)) (халифа Алтай аудармасы)

Ол кісі қартайған шағына шейін өзінің жан жары Закариямен отбасын құрып, бірақ перзентті бола алмаған еді. Алайда, Құран кәрімде көрсетілгендей, жақсылық жасауға асығып, дұға-тілекте ықыласты еді. Жүрегі Алла тағалаға деген хушуъқа толы еді.

 Өз дұғасында күйеуімен бірге

رَبِّ لَا تَذَرْنِي فَرْدًا وَأَنتَ خَيْرُ الْوَارِثِينَ               

رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنْكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَ

деп дұға еткен еді. Алла тағала оларға Яхия деген ұл берген еді. Ол жайлы Құран кәрімде:

فَنَادَتْهُ الْمَلائِكَةُ وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّي فِي الْمِحْرَابِ أَنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكَ بِيَحْيَى مُصَدِّقًا بِكَلِمَةٍ مِّنَ اللَّهِ وَسَيِّدًا وَحَصُورًا وَنَبِيًّا مِّنَ الصَّالِحِينَ

Зәкерия (Ғ.С.) хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: «Расында Алла (Т.) саған, Алладан болған әмірді (Ғиса Ғ.С.ды) растаушы, ел ағасы, нәпсіне ие, игілерден бір Пайғамбар болатын Яхиямен қуанышқа бөлейді» деп дауыстады. (39)

Әділхан СЕРІКБАЙ,

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

Бөлісу: