Ұлттық намыс – адам баласына тән игі қасиеттердің бірі. Әр адам – аталмыш сипатты әр түрлі дәрежеде, сәйкесінше өзіндік пайым-парасатымен түйсінеді. Осыған орай, мемлекет басшысы Н.Назарбаев ұстанған сарабдал саясатының ұлтаралық қатынасты реттеуде, демократиялық ел болып қалыптасуда, мәдениетіміздің кеңінен дамуында ықпалы зор.
Қазіргі таңда, еліміздегі өзекті мәселелердің ауыздықталуына сондай-ақ дін өкілдерінің де әсері басым. Осы жолда біз, яғни дін өкілдері,әрбір атқарылғалы жатқан іс барысында Құран Кәрім және Пайғамбарымыз с.ғ.с сүннеттерін негізге аламыз.
Ислам – әрбір дін өкіліне аса құрметпен, айрықша мейірбандылықпен қарайды. Сонымен қатар, ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Кез-келген адамға мейірімділік танытып, Алла алдында барлығының тең екендігін аңғарған мұсылман жұрты – әуелден-ақ осы сеніммен ғибадат еткен. Алла тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ей, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір айелден, бір атадан, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендер бір-біріңненнесібілерің арқылы емес, тақуалықтарыңмен ерекшеленесіңдер» (Хужурат сұресі, 13 - аят)
Тәуелсіздік алғалы руханиятқа шөліркеген халқымыз күн санап имандылыққа бет бұруда. Мұны – Жаратушының елімізге берген ризық-несібесі деп білу қажет. Қазақстанда Ислам діні кеңінен етек жайып, өзге мұсылман мемлекеттері арасында беделі өсті. Мұнда тәуелсіз еліміздің көшбасшысы, дініміздің қамқоршысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ролі өлшеусіз.Атап айтар болсақ, алдыңғы жыл – мемлекетіміз үшін ұмытылмас кезең болды. Себебі, еліміз Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп, Алланың қалауымен сол міндетін абыроймен атқарды.
2003 жылдың қыркүйек айында бас шаһарда өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезі – Қазақстанның сын-сағаттағы беделін арттырып, дүниежүзіне танытты. Сонымен бірге, 2015 жылы маусым айының 10 – 11 жұлдызында өтетінV съезге Қазақстан қызу дайындық үстінде.Қалыптасқан дәстүрге сай, V съезге ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, индуизм, зороастризм діндерінің өкілдері, сондай-ақБҰҰ, Ислам Ынтымақтастық Үйымы, Юнеско, Бүкіл әлемдік Ислам Лигасы, Өркениеттер Альянсы, ЕҚЫҰ секілді зор беделге ие халықаралық ұйым өкілдері қатыспақ.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері – Қазақстанның іргелі жетістігі. Оның дін және конфессияаралық, діни қоғамдастық арасындағы сұхбатта әлемдік қоғамдастықтағы толеранттылық қағидалары мен өзара түсіністікте, серіктестікті күшейтуде маңызды орын алатынын мақтанышпен айта аламыз.
80-ге тарта мемлекеттен делегаттар қатысып, бір ауыздан қуаттаған бұл съездің – ғасыр ауқымында тарихи оқиға болып қалары сөзсіз. 32 мемлекеттің діни басшыларын бір шаңырақ астына жинап, жаһандық көкейтесті мәселелерді шешуде – аталмыш съезд алдына жан салмайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ТМД, Азия, тіпті бүкіл дүние жүзі елдерінің осындай көлемде съезд өткізуге қауқары жетпеген. Сондықтан, біздің мемлекет –әлем елдері алдында бейбітшілік эталонына айналды.
Бұл бастама әлем жұртшылығының тарапынан кең тұрғыда қолдау тапты. Әл-Азһар шейхы, әлем сунниттерінің ұлық имамы, доктор Мұхаммед Сайид Тантави съезд жайында:
«Үн қатысу – адамдар арасында еріксіз жүзеге асатын жаһандық процесс. Ол процесті үзу – әсте мүмкін емес.Сол себепті, түрлі этнос және діндер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тиіспіз»,- деп атап өтті. Ол кісінің пайымдауынша, үнқатысу - шындыққа қол жеткізудіңжәне халықтар арасындағы келіспеушіліктерді болдырмаудың ең тиімді тәсілдердің бірі. Әлемдік Ислам Лигасының бас хатшысы Доктор Абдулла бин Абдул Мухсин ат-Турки өз сөзінде әлемдік және дәстүрлі діндерді қолдаушы мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы үнқатысу мен ынтымықтастықтың әлемде болып жатқан қақтығыстарды шешуде және сабырлылық, кішіпейілдік секілді құндылықтарды дамытуда тиімді құрал бола алады деген сенімде екенін анғартты. Ат-Түркі үнқатысудың Қасиетті Құраннан бастау алатындығын және бұл мәселеде пайғамбарлардыңқолдау білдіргендігін тілге тиек етті. Үнқатысу – ислам қауымдастығының тарихына терең бойлаған. Себебі, Ислам пайда болғаннан бері және өркениеттердің тарихи дамуы барысында өзі уағыздайтын діни төзімділік принциптерін негізге ала және мұсылмандардың іс-әрекеттерінің бастау көзі болып табылатын заңдылықтарға сүйене отырып өзгелермен қарым-қатынасқа едәуір әсер еткендігіне мән берді.
Аллаға шүкір, мемлекетіміз азаттық алған күннен бастап Ислам ұммасының аясына қайта оралуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, барлық мұсылман елдерімен тығыз достық қатынас орнатып, Ислам Конференциясы Ұйымына мүше болып кірді. Ал 2011 жылы құрамына 57 ел мүшелікке алынған Ислам Конференциясы Ұйымына еліміз төрағалық етсе, демекмұсылман жұртынан отанымыз қолдау тапқан.
Қазіргі таңда Республика халқының 70 пайызын мұсылмандар құрайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың байыпты, көреген саясатының арқасындатәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ ұлттаралық және дінаралық қатынастар саласында бейбіт өмір мен келісім сақталып келеді. Мұнан бөлек, елде бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
2015 жыл мемлекет басшысының жарлығымен – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Бейбітшілік пен келісім біздің халқымыздың ұлы жетістігі. Ол – барлық азаматтардың тең және еркін дамуы принципіне негізделген саясатты іске асыратын аса маңызды тетіктің біріне айналды.
Елбасымыздың тікелей қолдауымен, соңғы жылдары дініміздің ең ұлық мерекесі – Құрбан айт – демалыс күні болып жарияланды. Елбасының тапсырмасымен, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» құрылып, ел мұсылмандары үшін сұраныстағы көптеген діни кітаптар мол таралыммен шығарылып, мешіттер арқылы жамағатқа тегін таратылуда.
Сондай-ақ, 2011 жылы маусым айында Астанада өткен Бүкіл әлемдік ислам экономикалык форумында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бугінгі Ислам әлемінің ахуалына жанашырлықпен қарап, былай деген:
«Ислам діні ланкестікті лағынеттейтінін барлығымыз білеміз.Тек білу жеткіліксіз деп ойлаймын. Ата дiніміз ланкестік тұрмақ, кез келген зорлық-зомбылықты құп көрмейді. Сондықтан, дін атын жамылып, ішімізден шыққан ланкестік жасаушы қандай да бір ұйымдар мен жекелеген топтардың бейбастық әрекеттеріне тойтарыс беруге тиіспіз».
Әрине, осы олқылықтарды оңынан шешу үшін де дәстүрлі ислам діні нығая түсуі тиіс. Мұсылмандар жік-жікке бөлініп, әре-төре болып жатқанда, ондай биік мұраттарға қол жеткізу мүмкін емес. Ал елімізде дәстүрлі ислам діні қанат жаяр болса, елдің экономикасы мен әлеуметтік хал-ахуалы, сонымен бірге, білім және ғылым саласы, тіпті, адамдар арасындағы қарым-қатынас та қарқындап дамитины рас. Астанада өткен төрт съезд – әр әлуан діндер мен конфессиялардың өзара түсіністігін тереңдетуге, ымыраларын нығайтуға өте зор ықпал жасады. Ислам дінінің өзегі мен мәні – тыныштық пен бейбіт өмір. Адамзаттың соңғы пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с): « О, адам баласы! Бір-біріңнің абыройларынды түсірмендер, біріңді-бірің күндемендер, біріңді-бірің достыққа, келісімге шақырыңдар. Сен бауырынды қаншалықты жақсы көрсең, Алла сені соншалықты жақсы көреді. Мұсылман өзгелердің досы болып табылады, сондай-ақ, ол да басқалардың достығын қабыл алады. Адамның жақсысы – неғұрлым адамдарға пайдалысы », - деген. Әр түрлі дін өкілдерін бір қақпадан кіргізіп, бір шаңырақтың астында жаратушы біреу деген мақсатпен мәмілеге келтіріп, бір үстелдің басында ортақтастырған және оны Қазақ елінің мандайына жазу арқылы бүкіл әлемде абыройын үстем етіп, мәртебесін паш еткен Алла тағала неткен Құдіретті! Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын!!
Сондықтан, еліміздің барша мұсылмандарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағындыру – бүгінгі күннің басты талабы.Дінде бөлінбеу, әрібасшыға бағыну – мұсылманның қағидаларының басты негізі. Ел болашағы баршамыздың қосқан үлесімізге байланысты. Сол себепті, барша мұсылман қауымы, имамдар мен мешіт қызметкерлері республикамыздың рухани саласын өркендету, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолында аянбай қызмет етеді деген сенімдемін. Қазақстан – әлемдік аренада көш бастай алады.Ол үшін – келе жатқан IV әлемдік және дәстурлі діндер лидерлерінің съезін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жоғарғы денгейде өткізілуін бір Алладан тілейік. Отанымыздың болашақта гүлдене түсуіне бәріміз де жұмыла атсалыса берейік. Әумин!
ҚМДБ-ның филиалы
«Шейх Кунта қажы» мешітінің
Бас имамы Яхия қажы Абдолла ұлы Исмаилов,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
Жезқазған қаласының құрметті азаматы