Жүрек қамал сияқты. Шайтан – оның ішіне шабуылдап кіріп, бағындырып алуды көздеген дұшпан. Қамалды дұшпаннан қорғау үшін оның дарбазаларына, кіреберіс жерлеріне күзетші тұру керек. Шайтанның қамал сынды жүрекке кіретін жолдары көп. Олардың кейбірі төмендегілер:
Қызуқандылық және тәнқұмарлық. Ашулану пендені ақылдан аздырып, хайуанға ұқсатады.ақылы азайған кісіге шайтанның әскерлері шабуыл жасайды.
Көреалмастық және ашкөздік. Пенденің бір нәрсеге көзі түскенде ашкөздігі оны соқыр, құлағын керең қылады.
Тоқтық: Қарын тоқ кезде, құмарлық күшейеді. Бұл – шайтанның құралы.
Киім-кешек, үй және үй әшекейіне қызығу. Кімнің жүрегінде үй, үй әшекейлеріне құмарлық бар болса, шайтан оны сол әлсіздігінен пайдаланады.
Сабырсыздану және асығу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Асығу – шайтаннан, байсалдылық - Жаратқаннан», - деп айтқан.
Ақшаның, мал-мүліктің артына түсу. Тамақ-ас пен басқа мұқтаждықтардан артық мал-мүлік – шайтанның жайы.
Сараңдық және жарлы болып қалудан қорқу. Бұл да адам баласын садақа беруден тыйып, дүние жинауға итермелейтін мінез.
Өз айтқанын бермеген қырсықтық, басқаларға кек сақтау. Дұрыс болмаса да өз пікірінен қайтпау, біреуге кек сақтау, басқаларға мән бермей әрекет ету. Бұл мінез қоғамдағы жақсыларды да, жамандарды да құрдымға ұшыратады.
Мұсылмандар туралы жаман ойда болу. Жаман кісілерді айыптаудан да аулақ болу керек. Елдің бәрінің қателігін көріп, басқалар туралы жаман мағлұматтарды жайған кісіні көрсең, демек оның ісі бұзық, арам ойы сыртына шығып жатыр. Сондықтан пенде басқалары туралы жаман ойдан алыс болуымен шайтанның шабуылдарынан сақтануы тиіс.
материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz