23
Сенбі,
Қараша

һижри

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үйленуі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Тарихтан Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) он жыл қойшы болғаны мәлім. Жиырма бес жасында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) саудамен айналыса бастайды. Сол кезде ол Хадиша анамызға жалданып, сауда мақсатымен Шамға аттанады. Сапар да, сауда да сәтті болады. Сол сапардан соң Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) адалдығына қызыққан Хадиша анамыз Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) күйеуге шығады. Ол кезде Хадиша анамыздың жасы қырықта болатын.

Хадиша анамыз һижрадан үш жыл бұрын қатыс болды. Һижра – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға қоныс аударуы. Хадиша анамыз бақилық болғанға дейін Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) басқа әйелге үйленбеді.

Абдуссамад Махат

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

Бөлісу: