10
Дүйсенбі, Желтоқсан

һижри

Уақыттың ғылыми өлшемі

Уақыттың ғылыми өлшемі

Дін және ғылым
Құралдар
Шрифт

Жер бетіндегі халықтардың бір-біріне ұқсамайтын күнтізбе жүйелері бар.

Уақыт өлшеу мен есептеу әдістері ежелден белгілі және біртіндеп дамыған. Хижри жыл санауында 354, 36667 тәулік, яғни 354 күн 8 сағат 48 минут 35 секунд, ал григариан жыл санауында 365, 24219 күн бар григориан мен хижри жыл санауындағы айырмашылық 11 тәулік, дәл есебі 10, 8755 күн, осы айырма күннен бір жыл құралуы үшін 33, 5839 жыл өтуі керек, ал 9 жыл болуы үшін 300 жыл өтуі керек. Хижри мен милади күн тізбесіндегі айырма күндердің тура 9 жыл құрайтындығы туралы «Кәһф» сүресінде былай айтылған: «Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық (терең ұйқы бердік). Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегенін анықтау үшін оларды ояттық». («Кәһф» сүресі, 11-12), «Олар үңгірде үш жүз жыл жатты, тоғыз жыл отырды». («Кәһф» сүресі, 25). Міне, бұл аяттар уақыт есебін жүргізу туралы болып отыр.

Бір қала шығанағында молалы көлі бар. Оның табиғаты шын мәнінде сирек кездесетіні соншалық тіпті суы бес қабат болып жатады. Көл онша терең емес, он жеті метр шамасында. Көлдің беткі суы кәдімгі өзге көлдердегідей. Ал одан төмен түсіп көлдің түбіне қарай барсаң болды, ғажап сонда кездеседі. Алты метр тереңдікте беткі тұщы судың орнына, көл суы ащылана бастайды, одан кейінгі қабат суы мүлде ащы теңіз суындай, одан әрі қарай көлдің дәл түбінде күкіртті сутегі әбден еріген су қабаты бар. Мұның өзі көлдің Молалы деген атын растап тұрады. Бұл су астында шөгіп жатқан өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған мола тәріздес[1].

Ал Балқаш көлінің суы ащы және тұщы болып, ұзынаралық тұсынан бөлінеді. Ұлытау өңірінде Дулығалы өзенінің жағасында Қойлыбай бақсының моласы тұр. Моланың тұсында өзеннің бір жағындағы су теңіз суы сияқты өте ащы, ауызға алуға мүлдем келмейді. Екінші жағындағы су тұщы. Ал Қызыл теңізде екі бағытта ағысы бар екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Бір қызығы екі ағыстағы су бір-бірімен араласпайды.

«Ағызған екі теңіз қосылады. Екеуінің арасында көзге көрінбейтін бөгет бар. Бір біріне араласпайды. Ендеше раббыларыңның қай нығметін өтірік дейсіңдер. Екі теңізден де, інжу маржан шығады». («Рахман» сүресі, 19-22)

«Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаған кім? Аллаһпен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ олардың көбі білмейді». («Нәміл» сүресі, 61)

«Ол сондай Алла екі теңізді ағызды, мынауы тәтті сүйкімді және анауы тұзды ащы. Екеуінің арасына қосылып араласпайтын бөгет жасадық». («Фурқан» сүресі, 53)

(Материал Б. Өткелбаевтың «Ислам және ғылым» кітабы негізінде дайындалды)

 _________________________

[1] Мезенцеф В. Әлемде талай қызық бар, Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы, Алматы 143