19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Әлемнің кеңдігі мен планеталар қозғалысы

Әлемнің кеңдігі мен планеталар қозғалысы

Дін және ғылым
Жарнама

Материяның (фәни дүниенің ғылыми аты, бізді қоршап тұрған дүниенің ғылыми атауы) бір-біріне тартылатындығы және шексіз ұлғаюы жөнінде «Зарият» сүресінің 47-аятында былай делінген:

«Шексіз аспанды құдіретпен барлыққа келтірдік Біз шын құдіреттіміз».

Осы келтірілген аят әлемнің шексіз екендігінің және оның ұлғаю заңының дәлелі болып табылады. ХХ ғасырдың атақты ғұламасы Альберт Энштейн атап айтқандай әлемде күн жүйесіндей  миллиондаған жүйелер, системалар бар екендігін анықтаған. Кезкелген жүйеде жұлдыздар планеталар бар. Ал ұлғаю заңына келетін болсақ астрономдар аспан денелерінің бірбірінен ажырап қашықтайтынын біздің күн жүйемізде отырып байқаған. Оны ғылым тілінде «қызыл жолақ», яки «шексіз ұлғаятын әлем гиппотезасы пайымдау», деп атады. Бұдан шығатын қорытынды әлем абсолютты тыныштықта тұрмайды. Шар сияқты формада барлық бағытта ұлғайып отырады. Бірақ массасы ұстап тұрған заты өзгермейді. Бұл ақиқат Құранда он төрт ғасыр бұрын белгілі болды. Ал бұл сыр адамзатқа, ғылымға тек ХХ ғасырда ғана зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып отыр.

АҚШ-тағы Наса Космос Агенттігінде қызмет атқарушы профессор А. Армстронг: «Шынымды айтсам мен Құрандағы ойлардың астрология ғылымындағы нақты деректермен таңғажайып дәлдікпен сәйкес келгеніне қайран қалдым», – дейді. Ол тағы бір жаңалықтың басын ашып: «Жердегі темір атомын жасауға күн жүйесіндегідей төрт есе көп қуат керек. Сондықтан темірдің жерде пайда болуы мүмкін емес, ол жат элемент. Құранда бұл жайлы былай айтылады:

«Біз темірді жараттық. Темірде күш қуат және адамдар үшін көп пайда бар. Темірдің жаратылысының өзі тәңір құдыретінің зор ғибраты. Тәңір шынында күшті әрі жеңімпаз» («Хадид» сүресі, 25)

Күннің, айдың, жердің қозғалысы турасында «Ясин» сүресінің 38-ші, 40-шы аяттарында былай делінген: «Ал күн белгіленген жағына қарай жылжып кете барады. Мұның өзі әрі үстем, әрі дана Аллаһтың алдын-ала белгілеген ісі» («Ясин» сүресі, 38)

Жердің күнді айналып қозғалатындығын ғылыми түрде мұсылман ғалымы Райхан Бируни ІХ ғасырда, ал поляк ғалымы Коперник ХV ғасырда ашты. Еуропада ол «Коперник жүйесі», деп аталады. XV ғасырға дейін Еуропа ғалымдары «Күн түгілі жер қозғалмайды», - деп келді. Ал күннің қозғалысы жайында батыс ғылымына ХІХ-ХХ ғғ. толықтай белгілі болды.

«Айдың да тұрақтайтын орнын белгіледік. Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін ол да аспанды кезіп жүреді» («Ясин» сүресі, 39)

«Күннің айды қуып жетуі, түннің күндізді басып озуы мүмкін емес. Әрқайсысы өз кеңістігінде жүзеді де жүреді» («Ясин» сүресі, 40).

Бұл жерде күннің белгілі бір бағытта қозғалатындығын айдың фазалары (әртүрлі көріністері) бар екендігін дәлелдейді. Мұның бәрін қазіргі ғылым да дәлелдеп отыр. Ал «Әрқайсысы өз кеңістігінде жүзеді де жүреді», деген аятттың күн жүйесінде планеталардың аспан денелерінің күнді эклиптикалық (геометрия ғылым түрінде) айналып айналмалы орбитада қозағалатындығын көрсетеді.

«Ясин» сүресінде күннің, айдың, жердің тұрақты белгілі орындары бары аталған. Мұның бәрі ғылымдағы (ағылшын ғалымы Нютон Механикасы) есебіне сай келеді. Егер күннің, жердің, айдың тұрақты орны болмаса және есепке бағынбаса адамзат баласы айға ұшып бара алмайтын болар еді. Сөйтіп басқа бағытқа кетіп қалуыда әбден мүмкін. Тіпті ғарыштық кемелердің көк те бір-бірімен қабысуы есептелінеді. Оның әр микронына дейін есептейді. (Микрон – метрдің миллионнан бір бөлігі).

Мұның қасиетті Құрандағы «Ясин» сүресінің 38-40 аяттарындағы айтылған Аллаһтың әлемді жаратқан құдыреті, үстемділігі болып табылады. Осы үш аяттың сыры соңғы ғасырларда ғана ашылып отыр. Бұл аяттар аспан механикасы жайында көп мағлұматтар береді.

(материал Бақытжан Өткелбаевтың «Ислам және ғылым» атты кітабынан алынды)

Бөлісу: