23
Сенбі,
Қараша

һижри

Фидья ретінде берілетін тамақтың құны жарты саъ[1] бидайдың немесе бір саъ[2] құрма, арпаның құнымен тең болуы тиіс. Бұған жағдайы келмеген адам көп истиғфар айтып, Жара-тушы Иеден жарылқау тілейді.[3]

 

«Фидья» сөзінің түп негізгі мағынасы: адам мал-дүниесін жұмсауы арқылы түрлі тауқыметтен сақтануы.[1] Сонымен қатар, «фидья» сөзі «төлем», «өтем», «құтылу» деген де ұғым-дарды білідіреді.[2]

Ораза мәселесіне келер болсақ, «фидья» деп қаза болған күндерге берілетін өтемі айтылады.

 

Мына жағдайларда кәффаратсыз тек қазаны өтеу міндетті болады:

1. Науқастануы себебінен дәрі ішкен жағдайда. Науқас адам ауруы күшейіп кетуінен қауіптенсе немесе аурудан айығуы кешігетін болса дәрі ішіп, ендірсе болады. Бұл жағдайда тек ауыз ашқан күндердің қазасы өтеледі.[1]

2. Оразаның себебінен денсаулығына қауіп туған жағдайда. Мысалы, әлсіздігі себебінен немесе ауыз бекітуі өлімге себеп болса.[2]

Жоғарыда қазамен бірге кәффарат міндетті болудың негізгі себептерін айттық. Ендігі кезекте бұл мәселенің шарттары әңгіме етіледі. Ол:

1. Ораза ұстаған адам балиғатқа жеткен[1] жеткен болу.[2] Балиғатқа жетпеген балаға ол ораза ұстап тұрып, ішіп-жеген жағдайда қаза да, кәффарат та міндетті болмайды. Себебі, жасы балиғатқа жетпеу себебінен оған ораза ұстау парыз емес.[3]

2. Ораза ұстауға түннен ниеттенген  жағдайда.[4] Оразаны таң атқаннан күн тал төбеге келгенге дейінгі аралықта ниеттеніп, кейін қасақана ішіп-жесе немесе жақындасса тек сол күннің қазасын өтейді. Кәффарат міндеттелмейді.[5]

3. Шариғатта ауыз ашқанға рұқсат етілетін үзірлі жағдайдан бұрын ауыз ашқан жағдайда.[6] Бұған мысал ретінде жоғарыда айтылған ораза кезінде жол жүретін адамның мәселесін келтірсе болады.

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1] яғни, шариғат талаптарын орындауы міндетті болатын жасқа жеткен ақыл-есі дұрыс мұсылман. Шариғат бойынша ер бала 12 жас шамасында, ал қыз бала етек кiр келген мезгiлден бастап балиғат жасына толған болады. Бала балиғат жасына толысымен мойнына iстеген iсiнiң жауапкершiлiгi жүктеледі. Осы себептен балиғат жасына толғаннан бастап әрбiр мұсылман Аллаһ Тағала бұйырғанын орындауы тиiс.

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[3] «Ораза парыз болудың шарттары» тақырыбын қараңыз.

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[5]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Мына жағдайларда оразаның қазасымен қатар кәффаратын өтеу талап етіледі:

1. Түнде ораза ұстауға ниет еткеннен кейін тәуліктің ауыз бекітетін бөлігінде[1] ораза екенін біле тұра[2] жыныстық жақындықта болу.[3]

Ері жақындасуды қалап, әйелі оның талабына көнген жағдайда[4] екеуі де қазамен бірге кәффаратын өтейді.[5]

Ері жақындасқанға мәжбүрлеген жағдайда[6] әйелі кәффарат-сыз тек қазасын өтейді. Еріне қазамен бірге кәффарат міндетті болады.[7]

Әйелі жақындасуды қалап, ерін соған көндірген жағдайда екеуі де қазамен бірге кәффаратты өтеуі тиіс.[8]

Ораза қазасы кәффарат мәселесімен тығыз байланысты болу себебінен кәффарат, яғни шариғатқа қайшы амалдың өтемі жайында әңгімелеп кетсек дұрыс болады.

Шариғат саласында «кәффарат» сөзі негізінен «төлем», «өтем» мағыналарында пайдаланылады.[1] Сонымен қатар, шариғатта зекетке берілетін мал-дүниенің түрі мен көлемі баян етілгендей, әрбір шариғатқа қайшы, дәлірек айтқанда қате не болмаса күнә істің кәффарат жолдары қарастырылған.

Ораза мәселесіне келер болсақ, оның кәффараты үш жолмен өтеледі. Ол:

Оразаға қатысты өте маңызды нәрсе жайында арнайы айтып кеткен жөн. Ол – әйелдер мәселесі.

Біріншіден: әйел адам ораза ұстау үшін тән тазалығы шарт. Бұл мәселе жайында оразаны толық ұстау, оразаны ниеттену және ораза дұрыс болудың шарттарына қатысты тақырыптарда айтқан болатынбыз.

Тұжырым ретінде айтарымыз: ораза уақытында хайз немесе нифас жағдайында болған әйел кәффаратсыз тек ауыз бекітпеген күннің қазасын өтейді.[1]

Жоғарыда айтылғандай ораза дұрыс болудың үшінші шартына ауыз бекітетін адам мұсылман болуы және әйелдердің хайз,[1] нифастан[2] пәк болуы[3] жатады.[4] Себебі, Хақ Тағаланың: «Расында, егер амалыңда Алла Тағалаға серік қоссаң, амалың зая кетеді»,-дегеніне сай,[5] кәпір, не болмаса діннен айнығандарға ораза парыз етілмейді.[6]

Ораза дұрыс болудың екінші шартына оразаны бұзатын нәрселердің болмауы жатады.

Оразаны мына нәрселер бұзады. Тәуліктің ауыз бекітетін бөлігінде[1] ораза екенін біле тұра:[2]

1. Ішіп-жеу;[3]

2. Жыныстық жақындықта болу немесе шәһует нәпсінің қозуымен[4] күштеп атылып шықса;[5]

«Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Кімде-кім дін жолында[1] бiр күн ораза ұстаса Хақ Тағала оны мен тозақтың  арасын аспан мен жердің аралығына тең келетін ор етеді».[2]

«Мен Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келіп: «Маған мені жәннатқа кіргізетін амалды бұйырсаңыз»,-деп өтінгенімде, Ол (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Ораза ұста. Себебі, онымен[1] тең келер амал жоқ»,-деді. Екінші рет келіп сұрағанымда да Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Ораза ұста»,-деп бұйырды».